» » Албания билігі TikTok желісіне бір жылға шектеу қоймақ

Албания билігі TikTok желісіне бір жылға шектеу қоймақ


Фото: pexels.com
Албания премьер-министрі TikTok әлеуметтік желісіне бір жылға шектеу қойылатыны туралы мәлімдеді. Айтуынша бұл оқушылардың білімге назар салып, дамуына көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Albanian Daily News порталына сілтеме жасап хабарлайды.
21 желтоқсанда Тиранда албандық мұғалімдермен, ата-аналармен және психологтармен кездесуде премьер-министр Эди Рама TikTok-ты "ауладағы бұзақыларға" теңеді. Сол себептен шектеу шарасы 2025 жылдың басынан бастап күшінде болатынын мәлімдеді.
"Біз оны бір жылға жауып, оқушылардың біліміне қызмет ететін және ата-аналарға балаларының дамуын бақылауға көмектесетін бағдарламаларды енгіземіз", - деді ол.
Сондай-ақ, Албанияның Білім министрі барлық мемлекеттік мектептерде "Ақылды қала" жобасы аясында зияткерлік камералар орнатылатынын жеткізді. Бұл өз кезегінде оқу орнының ішінде тиімді мониторингті қамтамасыз етеді.
Өткен айда Албанияда 14 жасар баланы сыныптасының өлтіруі қызу талқыға түсті. Ата-аналар, психологтар мен тәрбиешілер балалардың мінез-құлқына әлеуметтік желінің әсер етіп жатқанын айтқан еді.
22 желтоқсан 2024 ж. 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031