» » Цифрландыру саласындағы тарихи жетістік

Цифрландыру саласындағы тарихи жетістік

Коллажды жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»
Еліміз цифрлық басқару саласында жаһандық аренадағы деңгейін нығайтып келеді. 2024 жылғы UN E-Government Survey есебіне сәйкес, еліміз электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 24-орынға көтеріліп, бұрынғы көрсет­кіш­пен салыстырғанда позиция­сын 4 сатыға жақсартты.
Бұл – Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы рейтингіне қатысу тарихындағы ең үздік нәтижесінің бірі. Рейтингте БҰҰ сарапшылары электронды қызметтердің дамуын, адам капиталын және телекоммуникациялық инфрақұрылымды бағалауға басымдық берген.
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бұл жаңалық біздің цифр­лан­дырудағы және тиімді мемлекет­тік басқаруға қол жеткізудегі жетістік­теріміздің дәлелі болатын маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.
– БҰҰ рейтингі екі жылда бір рет жаса­лады, ол 193 елді бағалап, элек­тронды қызметтердің дамуы, адам капи­талы мен телекоммуникациялық инф­ра­­құрылым сияқты негізгі аспекті­лерді ескереді. Бұл жетістік – бірлескен жұмыс­тың нәтижесі. Біз қызметтерімізді әрбір отандасымыз үшін қолжетімді, қауіпсіз әрі инновациялық ету үшін жұмысты жалғастыра береміз, – деді Ж.Мәдиев.
БҰҰ-ның E-Government Survey есебінде негізгі көрсеткіштер де аталған. Айталық, Қазақстан өте жоғары EGDI көрсеткіші бар елдер тобына кіріп отыр. Яғни еліміз 24-орынды иеленіп, Израильден кейінгі орынға жайғасқан. Осылайша, электронды үкіметті дамыту индексі (EGDI) өте жоғары елдер қатарына енген.
Осы жылдың рейтингінде Қазақ­станнан кейінгі орындарда Уругвай (25-орын), Швейцария (26-орын), Түркия (27-орын), Франция (34-орын), Қытай (35-орын), Канада (47-орын) орналасқан. БҰҰ-ның 193 мүше мемлекеті бағаланған биылғы рейтинг 2022–2023 жылдары жиналған деректерге негізделген.
Ал онлайн-қызметтер индексі (OSI) бойынша Қазақстан 10-орынға ие болып, әлемдік рейтинг көшбасшылары – Оңтүстік Корея, Дания және Эстониямен қатарласты. Сондай-ақ Қытай, Германия, Аустралия сияқты елдерден озып, осы саладағы алдыңғы қатарлы елдер қатарына кірді.
ТМД елдері арасында көшбас­шы­лық­ты бермей келеді. Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей Федерация­сынан (43-орын), Армениядан (48-орын), Өзбекстаннан (63-орын), Әзербайжаннан (74-орын) озып тұр.
Теңізге шыға алмайтын елдер арасын­дағы жоғары жетістіктерге (LLDC) де тоқтала кетсек. Қазақстан – бұл санаттағы елдер арасында 0,9009 EGDI индексімен үздіктер топтастан V3 класындағы 1-орынға ие. Одан кейінгі орындарды өзара бөліскен Моңғолия, Армения, Өзбекстан, Молдова және Әзербайжан елдері биылғы көрсеткіштерінің өте жоғары болуына байланысты EGDI тобына бірінші мәрте қадам басып, осы ортадан табылып отыр.
Теңізге шыға алмайтын, балдары өте жоғары елдердің ішінде EGDI рей­тингінде ең үздік қарқынды Моңғолия көр­сетті. Бұл ел 28 сатыға көтерілсе, одан кейінгі Армения 16 сатыға көтерілген. Бұл дегеніміз біздің ғана емес, жақын көрші елдердің де EGDI индексі жақсарып келе жатқанын аңғартады. Яғни Қазақстан осы көрсеткіштермен қалып қоймау үшін саладағы жобаларға жан бітіріп, қамшыны барынша басқаны жөн.
Телекоммуникациялық инфра­құ­рылымды дамыту бағыты бойынша да біршама оң нәтиже бар. Еліміз теле­коммуникациялық инфрақұрылым индексі (TII) бойынша өз позициясын 23 орынға жақсартып, 41-орынды иеленді.
Сондай-ақ есепте Қазақстан цифрлық инфрақұрылымға белсенді түрде инвестиция салып, жасанды интеллект, блокчейн және заттар интернеті (IoT) сияқты озық технологияларды енгізу арқылы цифрлық трансформация саласында айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізгені атап өтілген. Бұл бастамалар басқаруды және мемлекеттік қызмет көрсетуді түбегейлі өзгертті, оларды қолжетімді әрі ашық етті.
Бұл ретте Қазақстан, Түркия және Қытай­мен бірге Парсы шығанағы елдері де керемет жетістіктерге жеткені аталады. Сондай-ақ мемлекет­тік басқару және қызмет көрсету салаларын цифрландыруға деген ұмтылы­сы­мыз жоғары екені де есепте ескері­ліп, бұл бағыттағы жұмыс цифр­лық сауаттылық пен инженерлік-коммуни­кациялық технологияларға басымдық беретін ұлттық стратегиялармен нығайтылғаны көрсетіліпті.
Осылайша, аталған елдердегі қарқын­ды даму олармен көршілес елдерге де де көбірек әсер етіп, цифрлық транс­формацияның өсуі аймақтық сипатқа ие болды. Яғни Қазақстан жағдайында ұлттық инженерлік-коммуникациялық технология және цифрлық сауаттылықты дамыту стратегиясы, сондай-ақ мемлекет­тік қызметтердің сапасын жақсартуға баса назар аудару еліміздің әлемдік рейтингтерде одан әрі өсуіне және оны әлемдегі цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретінде нығайтуға ықпал етіп келеді.
Жалпы цифрлық технологияларды дамыту ісінде Қазақстан оңтайлы бастамаларды қолға алғанына біраз жыл өтті. Десе де Қасым-Жомарт Тоқаев жуырдағы Жолдауында еліміз цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс екенін атап өтті. Яғни «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізуіміз қажет.
«Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық техноло­гияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндеті­нің бірі. Парламент депутаттарын осы жұ­мысқа атсалысуға шақырамын. Келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу керек. Бұл орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болады», деді Мемлекет басшысы.
Бұған қоса Президент цифрлық активтер мен майнингті заңмен реттеп, криптобиржаларды одан әрі дамыту ісін жалғастырған жөн екеніне де тоқталды. Бұл тапсырманың талабына үңілсек, оның ар жағында ақпараттық технологияларды әлі де дамыта түсу міндеті тұр.
Келесі жылы Каспий теңізі арқылы өтетін талшықты-опти­калық байланыс желісін тарту жобасы аяқталғалы отыр. Жолдауда бұл жоба да айтылды. Өйткені оның еліміз үшін маңызы зор екені анық. Себебі бұл байланыс желісі бізге мәліметтердің халықаралық арнасымен, трансшекаралық ағынымен байланысты цифрлық инфрақұрылымды құруға зор септігін тигізбек.
Біз шолып шыққан БҰҰ рейтингіне негіз болған биылғы UN E-Government Survey есебі әлемдік ауқымдағы айтулы жетіс­ті­гімізге құр масаттанып қана қой­май, жалпы телекоммуникация желі­лері мен дата-орталықтарын барын­ша жетіл­діруге, кибер-қауіпсіздіктің әлем­дік стандарттарын енгізуге және маман­дары­мыз­дың біліктілігін арттыру­ға қатысты жұ­мыстарды орта жолда қалдыр­май, тех­но­ло­гиялық тың өзгерістерді барынша игеру – маңызды қадам. 
egemen.kz
23 қыркүйек 2024 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 156
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031