» » Қырғызстанда тыйым салынған газдалған сусын Бішкек дүкендерінен алынып тасталды

Қырғызстанда тыйым салынған газдалған сусын Бішкек дүкендерінен алынып тасталды

Бішкек дүкендерінде Ауғанстанда өндірілген газдалған анар шырынын анықтап, айналымнан шығару мақсатында жоспардан тыс тексеріс жүргізілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығының мәліметінше, 58 сауда нүктесі мен сауда-базар кешендері тексерілді. Кәсіпорын басшыларына аталған өнімдерді сатылымнан алып, жеткізушілер мен сатушыларға қайтаруды талап ететін 65 санитарлық нұсқама берілді. Дүкен сөрелерінен 7 мың 356 банка сусын алынып тасталды. 
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бұйрығымен бұл сусынды барлық жерде сатылымнан алып тастауды ұсынған еді.
Еске салайық, Ауғанстанда жасалған сусынның құрамындағы Е122 азорубин бояғышы балалардың белсенділігі мен зейініне кері әсер ететіні белгілі болды. Сауда желілерінің басшыларына бұл өнімді сатуға тыйым салынды.
26 шілде 2024 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031