» » Өзбекстан құрамы қауіпті деп күдікке ілінген ауғанстандық газдалған сусынды тексеруде

Өзбекстан құрамы қауіпті деп күдікке ілінген ауғанстандық газдалған сусынды тексеруде

Өзбекстанның санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық комитеті Ауғанстанда өндірілген "Golden Life" анар газдалған сусынын тексеруде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, бұған Қырғызстандағы зертханалық зерттеулерден кейін сусын құрамынан ондағы улы заттар табылған. Сол себепті Өзбекстан да тексеруге шешім қабылдаған.
Қазіргі уақытта хош иістендірілген өнімдердің үлгілерін қайта іріктеу жүргізіліп жатыр.
Бұрын комитет бұл сусынды тексеріп оның әр партиясына санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар берді.
"Адам денсаулығына улы және зиянды заттар табылмағаны атап өтіледі. Бүгінгі таңда тұрғындардан осы өнімнің сапасыздығы туралы шағым түскен жоқ", - деп толықтырды комитет.
Еске салсақ, Қырғызстанда бұл сусынға тыйым салынған еді. Ал Қазақстанда бұл сусындар сатылады әрі бағасының төмендігімен танымал. 
14 шілде 2024 ж. 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 971
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 603

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930