» » Табиғи апаттарға тосқауыл: малайзиялық үлгі

Табиғи апаттарға тосқауыл: малайзиялық үлгі

Фото: tutu.ru
Су тасқынының салдары тосын табиғи апаттарға дайын емес екенімізді ұғындырды. Тасқын су әсіресе мемлекеттік қызмет­ші­лерді әбден әбігерге түсірді. Ендігі кезде өңір әкімдері малайзия­лық әріптестерінен тәжірибе жинақтап, тосыннан келген табиғи құбылыстарға төтеп бермек.
Малайзия – табиғи апат кезін­де, одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алго­ритмдерін жіті құрастырған бірден-бір ел. Өйткені бұл мемлекетте жауын-шашын мен су тасқыны жиі болады. Құрал-жабдықтарымен қатар әкімшілік қызметкерлері әр кезде сақадай сай тұрады. Осы салада жылдар бойы жинаған тәжірибелерін Малай­зия Қазақстанның мемлекеттік қызмет­кер­лерімен бөлісуге дайын.
«Су тасқынын басқару – өте маңызды іс. Қазақстан мұндай ауқымды селді күтпегенін түсіне­міз, бірақ әлемде климаттық өзгеріс­тер­ге байланысты нөсер жауыннан туындаған су тасқыны алдағы уақытта да қайталана бермек. Біз табиғи апат кезінде және одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру үшін Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайынбыз. Малайзия Мем­лекеттік басқару академиясы тарапынан мемлекеттік қызметшілер­дің біліктілігі мен коммуникативтік дағдыларын арттыру бойынша оқыту курстарын ұйымдастыруға әзірміз. Дағдарыс кезінде жұмыс істейтін мамандардың біліктілігі жоғары болуы және халықтың мұң-мұқтажын түсіне алуы керек», деді Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен кездесуде Малайзия Парламенті Сенаты төрағасының міндетін атқарушы Нур Джазлан Мохамед.
Малайзия – Қазақстанның Оң­түстік-Шығыс Азиядағы негізгі серік­тестерінің бірі. Сондықтан алда­ғы уақытта түрлі дағдарыс кезінде өз­дері тәжірибеден өткізіп, әзірлеген дағды­ларымен бөлісуге ниетті. Ал кездесу барысында Нур Джазлан Мохамед мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқаруды цифрландыру және мемлекеттік сектор жұмысында жасанды интеллектіні пайдаланудың артықшылықтарын айтты. Академия ректоры Ерлан Әбіл Малайзия өкілінің ұсынысын қабыл алып, әріптестік байланыс орнатуға шақырды. 
egemen.kz
22 маусым 2024 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 216

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 324

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930