» » Футболшы Рамазан айында 40 адамды түрмеден шығарып алды

Футболшы Рамазан айында 40 адамды түрмеден шығарып алды

Футболшы Рамазан айында 40 адамды түрмеден шығарып алды
Ұлыбританиялық «Лестер» футбол клубының нигериялық шабуылшысы Ахмед Муса Кано қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан 40 нигериялықты босатты, – деп хабарлайды Sportinglife.ng.
Футболшыға кей адамдардың қарызын өтей алмағандықтан, түрмеге қамалғаны жайлы хабар жеткен. Соның нәтижесінде ойыншы сотталушылардың қарызын өтеп беруді және кәмелет жасына толмаған төрт баланың айыппұлын төлеген. Ол қайырымдылық шарасын мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жасаған. Футболшының сотталушыларды абақтыдан босату туралы құжатқа қол қойып жатқан сәтінде түсірілген сурет оның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Жанкүйерлер оның бұл әрекетін қолдап, Муса үшін жалбарынатынын айтып, Ресейде өтетін әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсетуін тіледі. «Спорт-Экспресс» мәліметінше, Муса Нигерияда бұрыннан қайырымдылықпен айналысумен танымал болған. Көбіне ол елдің әр қаласында аз қамтылған отбасыларға азық түлік пен қаражат тарататын.
Мұсаның Хоторо деген жерде спорт орталығы бар. Онда тек жаттығулар емес, қайырымдылық футбол турнирлері мен басқа да шаралар өткізіледі. Мысалы, онда аспаз сабақтары өтеді. Сондай-ақ ойыншы жүрегі ауыратын нигериялық балаларға көмектесетін Healing Little Hearts қорына қолдау білдіреді.
«Нигериядағы адамдардың маған деген ықылысы жақсы, сол себепті мен оларға қарымтасын қайтаруды жөн көрдім. Мен Нигерияға қайтып келгенде, балаларды жаттықтырып, бақытқа кенелемін», – деді Муса сұхбаттарының бірінде.
Ақпарат көзі: tengrinews.kz

28 мамыр 2018 ж. 792 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031