» » Бішкекте шенеуніктер енді қоғамдық көлікпен жүруі керек

Бішкекте шенеуніктер енді қоғамдық көлікпен жүруі керек

Бішкекте шенеуніктерге жеке көліктерімен жүруге шектеу қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бастаманы қала басшысы Айбек Джунушалиев көтерген. Жаңа ережеге сәйкес әкімдік қызметкерлері аптасына екі рет автобуспен қатынауға міндетті.
Сондай-ақ ведомстволық және аумақтық бөлімдердің, муниципалды кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері сейсенбі мен бейсенбі күндері жұмысқа қоғамдық көлікпен келуге тиіс. Әр шенеунік автобустың санитарлық тазалығын және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылап, ай сайын есеп береді.
Қызмет көліктерін тек жұмыс уақытында ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Жаңашылдық кептелісті азайтып, қоғамдық көлікке сұранысты арттырады деп отыр.
17 мамыр 2024 ж. 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 712
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 160

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31