» » "Еуразия" телеарнасының екі қызметкерінен коронавирус анықталды

"Еуразия" телеарнасының екі қызметкерінен коронавирус анықталды



Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазмедиа" орталығында жұмыс істейтін  "Еуразия" телеарнасының екі қызметкерінен коронавирус анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.





Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын-алу мақсатында 18-20 мамыр аралығында Қонаев көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығы» ғимаратында жұмыс істейтін 200-ге жуық қызметкер COVID-19 сынағынан өткен.
«Евразия Бірінші арнасының екі қызметкерінде коронавирус анықталды. Олар ауруханаға жіберілді. Телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы қатаң режимге көшті. Арна басшылығы жұмысшыларды мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыруы керек», - деді әкімдік.
Сонымен қатар, «Қазмедиа орталығы» ғимаратында 22 мамыр мен 7 маусым аралығында ғимаратқа кіруге қатаң карантиндік шаралар мен шектеулер енгізілген.
Орталық қызметкерлері барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндетті: маска киіп, қолдарын тазалап, қашықтық сақтап, дезинфекциялау құралдарын пайдаланып дымқыл тазалауды жүргізіп жүруі тиіс.
Сондай-ақ, «Қазмедиа» орталығының әкімшілігі "Еуразия" арнасы басшылығына ғимаратқа келетін қызметкерлер санын азайтып, жұмысшылардың көпшілігін қашықтан жұмысқа жіберуді ұсынды.
22 мамыр 2020 ж. 977 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930