Мәслихаттар сайлауы
» » Нью-Йоркте жер сілкінісі болды

Нью-Йоркте жер сілкінісі болды

Жұма күні таңертең АҚШ-тың шығыс жағалауында болған 4,8 балдық жер сілкінісінің дүмпулері Нью-Йорк пен оның айналасында сезілді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Нью-Джерси штатындағы Ливан қаласына жақын жерде, Нью-Йорктен батысқа қарай 64 шақырымдай жерде болды, деп хабарлады ВВС.
Нью-Йорк пен оның маңындағы аудандарға келтірілген шығын көлемі нақтыланбады, қазір қаланың өрт сөндіру қызметі оның салдарын бағалап жатыр. 
Американың шығыс жағалауында жер сілкінісі сирек кездеседі және бұл Нью-Йорк қаласында соңғы онжылдықтардағы ең күшті жер сілкінісі болды.
Әлеуметтік желі қолданушылары жер сілкінісі Филадельфиядан Нью-Йоркке дейін және шығыс жағалауда Бостонға дейін сезілгенін хабарлады.
Өткен жылы Буффалода (Нью-Йорк) магнитудасы 3,8 балдық жер сілкінісі болды, бірақ бұл аймақта 40 жыл бойы мұндай күшті жер сілкінісі болмаған.
1983 жылы Нью-Йорк штатының оңтүстігіндегі Ньюкомбта 5,1 балдық жер сілкінісі болды.
Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс бүгінгі жер сілкінісінің ауыр зардаптары туралы мәлімет жоқ екенін айтты.
Жер сілкінісі салдарынан Нью-Йорктің бірнеше әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты.
06 сәуір 2024 ж. 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 368
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 503

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30