» » 7,5 балл. Тайваньда соңғы 25 жылдағы ең ірі жер сілкінісі болды

7,5 балл. Тайваньда соңғы 25 жылдағы ең ірі жер сілкінісі болды

Тайвань аралының шығыс жағалауында 7,4 баллдық жер сілкінісі болды. Аралға көршілес елдер цунами қаупі туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ Геологиялық қызметі мәлім еткендей, эпицентр Тайваньның Хуалян қаласынан оңтүстікке қарай 18 км жерде орналасқан. Сейсмологтардың айтуынша, бұл Тайваньдағы соңғы 25 жылдағы ең ірі жер сілкінісі. 
Билік өкілдері қанша адам зардап шеккені туралы ақпарат бермеді. Алайда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жер сілкінісі салдарынан құлаған ғимараттардан, соның ішінде мектептер мен тұрғын үйлерден эвакуациялау жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жер сілкінісінен кейін Жапония мен Филиппинде цунами қаупі туралы ескерту жарияланды. Бұл туралы BBC агенттігі мәлімдеді. 
Айта кетсек, мамандар мұндай жер сілкінісі апта ішінде тағы қайталануы мүмкін екенін ескертті.
 
Осыған дейін 1999 жылдың қыркүйегінде Тайваньда 7,6 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан 5 мыңнан астам ғимарат қирап, 2 400 адам қаза тапты. 
04 сәуір 2024 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031