» » Қытай 2026 жылы үлкен спектроскопиялық телескопты пайдалануға беруді жоспарлап отыр

Қытай 2026 жылы үлкен спектроскопиялық телескопты пайдалануға беруді жоспарлап отыр

Экзопланеталарды іздеуге арналған үлкен спектроскопиялық телескоп (Jiaotong University Spectroscopic Telescope) құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
Бұл телескоп Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясының Лэнху кентінің жанындағы Сайшитэн тауында салынады.
Апертурасы 4,4 метр телескоп мақсатты дереккөздер арасында жылдам ауысуға қабілетті, бұл спектрлік бақылауды уақытында жүргізуге мүмкіндік береді.
Ғалымдардың айтуынша, бұл бірнеше салада, соның ішінде астрономия мен экзопланеталарды зерттеуде бірқатар серпінді зерттеу нәтижелерін береді деп күтілуде.
«Ол ұзақ уақыт бойы Қытайдағы ең озық спектрлік телескоп болып қала береді», - делінген Шанхайдың «Цзяотун» университетінің хабарламасында.
Бұл жабдық бір уақытта көпмақсатты және жоғары дәлдіктегі спектрлік бақылауларды жүргізуге мүмкіндік береді және ол осындай бақылау жүргізетін бірінші құрал болмақ. Телескоп экзопланетаны анықтау тиімділігін айтарлықтай арттырады деп күтілуде.
kaz.inform.kz
11 ақпан 2024 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 262
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 800

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930