» » Қытайда миллион тұрғыны бар қала карантинге жабылды

Қытайда миллион тұрғыны бар қала карантинге жабылды

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ланьчжоу қаласында (Ганьсу провинциясының әкімшілік орталығы) коронавирустың өршуіне байланысты қатаң карантин жарияланды, деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі. 

ланьчжоу
Қалада такси және қоғамдық көлік жұмыс істемейді. Теміржол вокзалында жетпіске жуық рейс уақытша тоқтатылған. Олардың қатарында Пекин мен Сиань қалаларына бағытталған рейс те бар.
China Southern Airlines әуе компаниясының өкілі журналистерге Пекин мен Ланьчжоу арасында әуе рейсінің де тоқтатылғанын айтты. Үкімет әзірге әуе тасымалының қай кезде қайта басталатынын хабарламады. 
25 қазанда Ганьсу провинциясында 51 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелді. Ал Ланьчжоуда алты жағдай анықталған. 18 қазаннан бастап әкімшілік орталықта 39 жағдай тіркелген. 
17 қазаннан бастап Қытайдың 11 провинциясында жүзден аса коронавирус жұқтыру дерегі анықталған. Вирустың өршуін "дельта" штаммымен байланыстырады. Қытай билігі қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандарды жедел оқшаулап, елде инфекция тарауын тоқтатуға тырысып жатыр. Сонымен қатар үкімет нұсқаулығын орындамаған азаматты қызметінен шектетеді немесе түзету жұмыстарымен жазалайды. 
27 қазан 2021 ж. 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 357
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 214

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728