» » 2024 жылғы олимпиада медальдарында Эйфель мұнарасының темір бөлшектері болады

2024 жылғы олимпиада медальдарында Эйфель мұнарасының темір бөлшектері болады

2024 жылы Парижде өтетін олимпиада және паралимпиаданың медальдарының дизайны таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Олимпиада ұйымдастырушыларының айтуынша, медальдардың әрқайсысында Эйфель мұнарасының бір бөлігі болады.
"Франция мен Париждің көрнекті ескерткіші –  Эйфель мұнарасын медальмен байланыстырдық", – дейді ұйымдастырушылар.
Олимпиада және паралимпиаданың әр медалі Эйфель мұнарасынан алынған темірмен безендірілген. Бұл бөлшектер мұнараны жөндеген кезде қалып қойған. Олар медальдардың ортасында алтыбұрыш түрінде тұрады.
Олимпиада медалінің ленталары қою көк, ал паралимпиадалық медаль ленталары қою қызыл болады.
Медальдарды Францияның теңге сарайы дайындайды. 2024 жылы Париждегі Олимпиада ойындары 24 шілде мен 11 тамыз аралығында, ал Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.
Олимпиада ойындарында спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы, ал паралимпиада ойындарында 22 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
09 ақпан 2024 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30