Түркия туризмі рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл пандемиядан кейін туризм саласындағы жаңа рекордтарды көрсетеді әрі Түркияның алдаағы 5 жылға арналған стратегиясын айқындайды.
Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой: «2022 жылдың соңына қарай шетелдік туристерге қатысты статистика туралы деректер пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 65 пайызға қалпына келді, кіріс одан да жоғары: 2022 жылы Түркияның туризм кірісі 2019 жылмен салыстырғанда 19 пайызға артып, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл 46,3 миллиард долларға тең. Болашақта елімізге 90 миллион турист әкеліп, кірісіміз 2028 жылға қарай 100 миллиард долларға жететініне сенімдіміз” деді.
«Түркия жаһандық таныту қызметін арттырады және тұрақтылыққа назар аударады»
Түркия туризмді насихаттау іс-шараларында кейбір нақты салаларға назар аударады; Велосипед туризміне ерекше назар аудара отырып, сенім, гастрономия және спорт туризмі және MICE негізгі сәттері болуы керек. Түркия үшін денсаулық туризмі де өте маңызды. Сонымен қатар жыл он екі ай бойы түріктердің 81 қаласына туристердің үзілмеуін қамтамасыз етуді қарастырады. Археологиялық тартымды бағыттар ұсына отырып, әлемдегі ең көне неолит орны саналатын Таш Тепелер аймағындағы археологиялық қазба жұмыстарын жалғастырады. Сиде-Анталия, Гөреме-Кападокия, Измирдегі Пергамон және Аслепион жерлерінде, Ликия жолында жаңа археологиялық саябақтарды ашады.
Нәзия Жоямергенқызы