» » Түркияда қираған ғимараттар үшін 113 адам қамауға алынды

Түркияда қираған ғимараттар үшін 113 адам қамауға алынды

Түркияның 10 провинциясында Әділет министрлігінің тапсырмасымен Жер сілкінісіне байланысты қылмыстарды тергеу бөлімдері ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның вице-президенті Фуат Октайдың айтуынша, жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттар үшін 131 күдікті анықталды, оның біреуі қамауға алынды, тағы 113 адамды қамауға алу туралы ордер берілді.
Бұған дейін Түркияның апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) жер сілкінісі салдарынан 80 278 адам зардап шеккенін хабарлаған. Оқиға орындарында кемінде 218 406 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.
Апта басында Кахраманмараш провинциясында болған 7,7 және 7,6 балдық зілзала дүмпулері Адана, Адияман, Диярбакыр, Газиантеп, Хатай, Килис, Малатия, Османие және Шанлыурфа сияқты 10 провинцияда және көршілес Сирия мен Ливанда сезілді.
Сонымен қатар, елдің қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Курум 10 провинциядағы 171 882 ғимаратқа тексеру жүргізілгенін айтты.
"Біз 24 921 ғимаратта барлығы 120 940 құрылыстың құлағанын, шұғыл бұзуды қажет ететінін немесе қатты зақымдалғанын анықтадық", - деді М.Курум.
Оған қоса, 10 провинцияда 122 279 ғимарат шамалы зақымданған немесе мүлде зақым келмеген.
Бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Шанлыурфа аймағында 8 адам қамауға алынғаны, Хатайда жер сілкінісі кезінде құлаған Rönesans Rezidans тұрғын үй кешенінің сәулетшісі Мехмет Яшар Джошкунның Ыстанбұл әуежайында ұсталғаны хабарланған еді.
inbusiness.kz/kz
12 ақпан 2023 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031