» » Ташкенттегі метрода ерекше флешмоб ұйымдастырылды

Ташкенттегі метрода ерекше флешмоб ұйымдастырылды

Ташкент метросында ерекше флешмоб ұйымдастырылды. Онда Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің музыканттары соғыс жылдары орындалған әндерді шырқады. Жеңіс күніне арналған акция метрополитеннің барлық бекетінде жалғасты. Көпшілік өнерпаздармен бірге «Катюша», «Смуглянка» және  «Жеңіс күні» әндерін шырқады. Жалпы метрополитенде мұндай мерекелік шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр екен. Өйткені бұған дейін мұнда тіпті суретке түсуге рұқсат етілмейтін. Сондықтан көпшілік жауынгерлермен бірге селфи жасады. Жалпы Екінші дүниежүзілік соғысқа Өзбекстаннан бір жарым миллионға жуық азамат аттанса, бүгінде соның 32-сінің ғана көзі тірі екен. Алишер Мухаммадиев,Ташкент қаласының тұрғыны: - 9-мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік шара биыл өте жоғарғы деңгейде басталып жатыр. Ұйымдастырушылар жұртқа көтеріңкі көңіл-күймен қатар мықты рух сыйлады. Көңіліміз бір көтеріліп қалды. Татьяна Калашникова,Ташкент қаласының тұрғыны, зейнеткер: - Біз бүгінгі ұйымдастырылған шараға өте ризамыз. Шын мәнінде жеңіс лебі сезіледі. Жақсы ұйымдастырылған.

28 сәуір 2018 ж. 1 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031