» » Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай веломарафон ұйымдастырылды

Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай веломарафон ұйымдастырылды

Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай веломарафон ұйымдастырылды
Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай Ташкент-Шымкент бағытында халықаралық веломарафон ұйымдастырылды. Шараға қос елден 130-ға жуық спортшы қатысты. Шерудің салтанатты ашылу рәсімі қазақ елшілігінің жаңа ғимараты алдында өтті. Қос мемлекеттің өнер жұлдыздары қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Қазақстан велоспорт қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған шараға қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу болған жоқ. Олардың алды 60-ты алқымдаса, ең жасы 11-де екен. Екі ел арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған жиынға байкерлер де атсалысты. Қос елдің байрағын желбіреткен шерушілер Ташкенттің ең көрікті жерлерімен жүріп өтті. Шабандоздар Өзбекстанның астанасынан бастап, Шымкент қаласына дейін 125 шақырым жолды бағындырмақ. Жолай бес жерде аялдап, Ұлы жібек жолының маңыздылығы мен қос елдің бірлігін дәріптемек. Шеру Шымкентте өз мәресіне жетеді. Ортада ең үлкен Қазығұрт асуы бар. «Жол оңай емес, сондықтан қауіпсіздік шаралары сақталған», - дейді ұйымдастырушылар. Сания Байменова, шеруге қатысушы: - Біз бұл велошеруді өте ұзақ күттік және оған қатысуға тиянақты дайындалдық. Түннің өзін тағатсыздана өткіздік. Ақыры міне Ташкентке де жеттік. Орта Азиядағы күні шуақты, халқы қонақжай елдің осылай қуанышпен күтіп алғанына алғысымды білдіремін. Өте ауқымды шара, бізге бұл жер өте қатты ұнады. Кешке дейін Шымкентке жетуді жоспарлап отырмыз. Намазбай Әбдіқұлов, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы: - Келіп қатысып отырған бізде көбі әуесқойлар. Ішінде бір оншақты ғана кәсіби спортшылар бар. жалпы 120 велосипедшілеріміз бар.Ташкенттен Шымкентке дейін бағытымыз 125 шақырым. Ол жерде ең үлкен қиын жер бар. Қазығұрт ауданында Қазығұрт асуы бар. Сол жерден біз абайлап өтсек. Велосипедшілеріміз басқа жерден емін еркін өтеді.

25 наурыз 2018 ж. 1 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031