» » Бірнеше елдің президенті Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

Бірнеше елдің президенті Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

Наурыз мерекесіне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Egemen.kz.


АҚШ Президенті Джо Байден өз құттықтауында Мемлекет басшысына денсаулық және Қазақстан халқына бақ-береке тілеген.
– Бейбітшілік пен жаңаруға үндейтін бұл күні Құрама Штаттардағы және бүкіл әлемдегі көптеген адам осынау керемет мейрамды Сізбен бірге тойлайды. Қазақстан мен АҚШ 30 жылдан бері берік әрі тұрақты  серіктестікке негізделген дипломатиялық қатынастарды жалғастырып келеді. Менің Әкімшілігім халқыңыздың экономикалық, әлеуметтік және саяси мүмкіндіктерін қалыптастыруды көздейтін реформаларыңыздың бағдарламасына қолдау көрсетеді. Наурыз құтты болсын! – делінген Джо Байденнің жеделхатында.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Наурыз мерекесі Орталық Азия халықтарының ортақ мақсаты мен арманын білдіретін мейрам екенін атап өткен.
– Адамзат тарихында үлкен орын алатын осы айтулы мереке халықтарымыз бен елдеріміз арасындағы достық арқауын бекемдеуге, ынтымақтастық пен үйлесімді қатынастарды нығайтуға өлшеусіз үлес қосады. Біз екі ел арасындағы өзара сенім мен құрметке негізделген тату көршілік байланыстарымызды, стратегиялық серіктестігіміз бен одақтастық қатынастарымызды одан әрі кеңейте беретініміз сөзсіз, – делінген құттықтау хатта.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон өз құттықтауында қазіргі күрделі әлеуметтік-экономикалық және геосаяси жағдайда өзара құрмет пен қолдаудың, достық пен бірліктің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, өрлеу мен жасампаздықтың биік мақсаттарына үндейтін көктем мерекесінің жалпыадамзаттық құндылықтарының мәні арта түсетінін жазған.
– Қастерлі Наурыз мерекесінің ізгі дәстүрлеріне негізделген Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы достық, стратегиялық серіктестік қатынастары халықтарымыздың түпкі  мүдделеріне сәйкес алдағы уақытта да дамып, кеңейе береді, – деп жазған Эмомали Рахмон.
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің құттықтау жеделхатында Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық бүгінде Наурыз мейрамының ежелгі дәстүрлерін сақтап келе жатқан халықтарымыздың мүддесі жолында одан әрі  дамып, нығая түсетініне сенім білдірді.
– Өзімнің және әзербайжан халқының атынан Сізді және халқыңызды қасиетті Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – табиғатқа деген шексіз махаббат пен үлкен құрметтің белгісі. Мыңдаған жылдар бойы сынаққа төзіп келген өмірлік философияның нышаны, – делінген құттықтау жеделхатта.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына өз құттықтауларын Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әміреев, Кавказ мұсылмандар басқармасының төрағасы, ТМД дінаралық кеңесінің төрағалығын қоса атқарушы шейх-уль-ислам Аллахшүкір Паше-заде, «Шеврон» корпорациясы еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов, Байқоңыр қаласы қалалық әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин және басқалары жолдады.
Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсуде.




20 наурыз 2022 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031