Құрылтай
» » Тамақтың дәмін бере алатын теледидар ойлап табылды

Тамақтың дәмін бере алатын теледидар ойлап табылды

Токиодағы Мэйджи университетінің жапон ғалымы Хомей Мишият бір топ студенттермен бірге бұрын соңды болмаған теледидар экранының прототипін жасады. Теледидар тағамның дәмін экран арқылы бере алады, бұл сенсорлық қабылдауды күшейте түсудің тағы бір қадамы. Құрылғы Taste the TV деп аталады (теледидардың дәмін татыңыз). Бұл туралы Guardian басылымы хабарлады.


Құрылғының ішіне әртүрлі тағамның дәмін беретін қоспалар салынған он контейнер бар. Содан кейін тағамның дәмін көрермен теледидардың жалпақ экранындағы гигиеналық пленка арқылы тата алады.
Мияшита коронавирустық пандемия дәуірінде мұндай технологиялар адамдардың сыртқы әлеммен байланысы мен өзара әрекеттесуін жақсарта алатынына сенімді. Оның айтуынша, бұл құрылғыны ойлап табудағы мақсат – адамдарға өз үйінен әлемнің екінші жағындағы мейрамханада тамақ ішуге мүмкіндік беру.
Мэйджи университетінің студенті, 22 жастағы Юки Хоу журналистерге құрылғының қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, экранға шоколадтың дәмін татқысы келетінін айтты. Автоматтандырылған дауыс команданы қайталап, қоспаның дәмін пленкаға шашыратады.
27 желтоқсан 2021 ж. 805 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 063

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31