» » Дерек пен дәйек

Дерек пен дәйек


  1. Әлемде интернет пайда болғанға дейін жер бетіндегі ең танымал бренд Мальборо, Кока-Кола және Будвайзер болған.
  2. Егер шаянға аздап арақ берсе, ол өлгенше өзін өзі шаға береді екен.
  3. Жыл сайын интернет-трафик 314000% өсіп келеді.
  4. Әрбір сегізінші америкалық азамат Макдоналдсте жұмыс істеген.
  5. Әлемде саудаға шығарылатын қайықтардың 70% балық аулауға пайдаланылады.
  6. 300 жыл бұрын Египет тұрғындарының орташа өмірі 30 жас болған.
  7. Адамдар теледидар қарап отырғаннан гөрі түсінде көбірек калория жұмсайды.
  8. 8.1778 жылы Парижде әйелдерге найзағай тартатын таяқшасы бар шляпа кию сәнге айналған.
  9. Балдыркөктің құрамында калория өте мардымсыз, сондықтан оны калориясы көп тағамммен бірге жеген жөн.
  10. 10.18 ғасырда ағылшындар жасырын ойынханаларда арнайы қызметкерлер ұстаған. Олар ­тосыннан полиция келіп қалған жағдайда ойынға арналған сүйектерді жұтып қоятын болған.
  1. Жапсырма қағазында алғашқы штрих-коды бар тауар ­— Wrigley сағызы.
  2. Чилидің Атакама жазық даласында орналасқан бір қалада еш уақытта жаңбыр жаумаған.
  3. Ресей қазынасының 10% пайызы арақ-шарап саудасынан толығады.
  4. Адамдар өмірінің алты айын бағдаршам алдында тұрумен өткізеді.
  5. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қарсыластар Берлинге тастаған алғашқы бомбадан зоопарктегі піл өлген.
  6. Қас-қағым сәт – уақыт өлшемінің ең шапшаң бірлігі.
  7. «Самба» сөзі «кіндікпен үйкелісу» деген мағына береді.
  8. Егер қолтырауынның көзін басса, дем де босаңсып, әлсіреп қалады.
  9. Америкалық машиналардың көпшілігінің ащы үн шығарады.
20.Әлемдегі ақ құмырсқалар сан жағынан адамдардан он есе көп.
21.Салмақ жағынан гамбургер жаңа көліктен қымбат.
22.Кетчуп бөтелкеден күштеп шығарғанда жылына сағатына 30 шақырым жылдамдықты көрсетеді.
  1. Бетельгейз жұлдызының көлемі Жер орбитасынан да үлкен.
  2. Айдың көлемі Тынық мұхитымен тең.
  3. Американың Нью-Гемпшир штатында көліктердің нөмірінде «Еркін өмір сүр немесе өл» деген жазу тұрса, оған еш таңғалуға болмайды. Ал нөмірді жергілікті түрмеде жатқандар жасайды.
  4. Мысық – Інжілде аты аталмайтын бірден бір үй жануары.
  5. Егер адам бүрге секілді секіретін болса, ол футбол алаңынан бірақ қарғып өтді.
  6. Елизавета I ханшайым тазалықты жақсы көрген және айналасындағыларға айына үш рет шомылуға кеңес берген. Онда да қышынғанда.
  7. Тауықтың ұшу рекорды 13 секундқа созылған.
  8. Біріккен Ұлттар Ұйымында алты ресми тіл бар: ағылшын, француз, араб, қытай, орыс және испан тілі.
  9. Кірпінің жүрегі минутына 300 рет соғады.
  10. Егер кока-колаға бояғыш қосса, оның түсі көк болып шығады.
  11. Алғаш рет қан құю 1667 жылы жасалған. Дәрігер Жан-Батист Дени науқас балаға қозының 250 мл қанын құйған. Іле-шала ол жазылып кеткен.
  12. Үйдегі шаңның көбі қабыршықтанған былғарыда кездеседі.
  13. Әрбір құрлықта Рим атауын иеленген қала бар.
  14. Ағылшынның даңқты адмиралы Горацио Нельсон өмір бойына теңіз дертінен зардап шеккен.
  15. Қоңыздың дәмі ­– алмаға, араның дәмі – жаңғаққа, құмырсқаның дәмі – шошқа етіне ұқсас келеді.
  16. 1830-жылдары кетчуп дәрі ретінде сатылған.
  17. Әлемде күн сайын 12 нәресте өз анасынан адасып қалады.
  18. Асқазанның шырышты қабығы екі апта сайын жаңарады.
  19. Арыстанның ұрғашысы жемтігінің 90 пайызымен бөліседі.
  20. Ақша қағаздан емес, мақтадан жасалады.
  21. Жібек көбелектің еркегі ұрғашысының исін 1.8 шақырымнан сезеді.
  22. Чарльз ханзада унитаздан коллекция жинауды ұнатады.
45.Токиода кино билетінің бағасы Мехикомен салыстырғанда 26 есе қымбат. 46. Әлемде әрбір жеті минутта адамдар жаттығу кезінде жамбас етін созып алады екен.
  1. Компьютерлерді бұзудың 80% қарапайым парольдермен байланысты.
  2. Емен елу жылға дейін жаңғақ бермейді.
  3. Масаға қарсы дәрі шашу барысында олар адамның өзіне келіп тығылады.
  4. Сайтқа қарайтындардың негізгі жасы 35 пен 44 жас аралығындағылар.
07 сәуір 2018 ж. 1 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031