» » Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды

Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды

Ресей ұлттық кітапханасында қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесінің ашылуы салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.


Шараны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР-дың Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы «Ата-Мекен» қазақ қоғамымен бірлесіп ұйымдастырды.
Бас консулдықтан мәлім еткендей, көрмеге Жамбыл Жабаевтың шығармашылығымен байланысты әлемнің түрлі тілінде жарық көрген 100-ден астам басылым қойылды. Кітапхана басшылығы ұйымдастырылып отырған шараның екіжақты әріптестікті нығайту және кеңейтуде маңызы зор екенін атап өтті.
Аталған шара петербургтік оқырмандарға Қазақстан халқының мәдени мұрасымен және рухани байлығымен таныстыру мүмкіндігін ұсынды.
11 сәуір 2021 ж. 1 006 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 530

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930