» » Шанхайда полиэтилен пакеттерге тыйым салынды

Шанхайда полиэтилен пакеттерге тыйым салынды

Шанхайда 1 қаңтардан бастап барлық сауда орындарында полиэтилен пакеттерге тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz


1 қаңтардан бастап Шанхай сауда орталықтарында, супермаркеттерде, дәріханаларда, кітап дүкендерінде және басқа да сауда орындарында келушілерге кассада полиэтилен пакеттерді тегін беру немесе сату тоқтатылады. Сондай-ақ жедел жеткізу қызметтері үшін де аталған пакеттерді пайдалануға тыйым салынады, мейрамханаларда келушілерге бұдан былай пластикалық ыдыс-аяқтар берілмейді. 
Шанхайдың көптеген дүкендері жаңа ережелер күшіне енгенге дейін сатып алушылардың полиэтилен пакеттерді қолдануын шектеу үшін алдын ала шаралар қабылдады. Жергілікті билік пластикалық қалдықтар мәселесін шешу үшін ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді. Қала әкімшілігі бір реттік қолдануға арналған пакеттерді шектеу саясатын 2008 жылдан бастап жүргізе бастады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап полиэтилент пакеттеріне шектеу өз күшіне енеді. Халыққа қайта пайдалануға болатын қағаз пакеттер дайындалды.
Келесі жылдың аяғында Шанхайдағы барлық қонақ үйлер бір реттік пластиктен бас тартуы керек. Шанхай пошта қызметі мен экспресс-жеткізу компаниясы бірнеше жыл бойы бұзылмайтын пластиктен жасалған пакеттер мен орауыш таспалардан толығымен бас тартады.


28 желтоқсан 2020 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031