Топ-баннер
» » «Коронавирус бақылаудан шығып барады»: БҰҰ бас хатшысы мәлімдеме жасады

«Коронавирус бақылаудан шығып барады»: БҰҰ бас хатшысы мәлімдеме жасады

БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясында БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш коронавирустың өршуі бақылаудан шығып бара жатқанын мәлімдеді.

«COVID-19 пандемиясы – бұл біздің өміріміздегі ешбір дағдарысқа ұқсамайтын дағдарыс. Сондықтан бас Ассамблеяның биылғы сессиясы да басқа сессияларға ұқсамайтын болады», – деді ол.
Бас хатшы көп ұзамай адамзат миллиондаған адамның өмірін жалмаған коронавирус індетін еңсеретінін атап өтті және пандемияны жаһандық қауіпсіздік үшін «бірінші қауіп» деп атады.

Гутерреш көптеген адамдар вакцинаға үміт артып отырғанын айтады. Бірақ пандемияға қарсы панацея жоқ. Ол вакцинаның өзі дағдарысты реттей алмайтынына тоқталды.

«Дегенмен, вакцинаға бүкіләлемдік игілік деп қарау керек. Өйткені, COVID-19 эпидемиясында шекара жоқ. Бәріміз үшін қолжетімді адамдарға арналған вакцина керек», – деп жазады бас хатшының сөзін РИА Новости.

Ол алдағы 12 ай ішінде аурумен күресуге және емдеуге көмектесетін жаңа қолданыстағы құралдарды пайдалануды мейлінше арттыруға шақырды.

«Вируспен қатар біз болашақ вакцина туралы жалған ақпараттың да таралуын көріп отырмыз. Бұл қаскүнемдік теориясын өршіте түседі. Оның салдарынан әлемде вакциналарға деген сенімсіздік күшейіп келеді», – дейді Гутерреш.

Ол бірнеше елде көптеген адамдар өздерінің COVID-19-ға қарсы вакцинадан бас тартатынын айтып жатқандығы туралы да айтып өтті. Вакциналар туралы мұндай жалған ақпарат та аурудың өзі сияқты «өлімге әкелетін» жағдай дейді ол.
17 қыркүйек 2020 ж. 844 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 487
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 315

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728