Құрылтай
» » Еуропалық агенттік ғарышты қоқыстан тазартады

Еуропалық агенттік ғарышты қоқыстан тазартады

Еуропалық агенттік ғарышты қоқыстан тазартады Ал еуропалық ғарыш агенттігінің ғалымдары жер орбитасын қоқыстан тазарту туралы миссия әзірлеп жатыр.

Мамандардың есебінше, қазір онда ұзындығы 1 сантиметрдей болатын 750 мың фрагмент бар. Олар ғаламшарды айналып жүрген жерсеріктерді зақымдауы немесе істен шығаруы мүмкін. Ал бұзылған жерсеріктер бөлшектеніп, сол орбитадағы қоқыстың қатарына қосылады. Осылай жалғаса беретін болса, болашақта орбитаны пайдалану мүлде мүмкін болмай қалады. Сондықтан Еуропалық ғарыш агенттігінің ғалымдары істен шыққан жерсеріктерді жинайтын қол ойлап тапты. Қалдықтарды тазарту миссиясы E-Deorbit (И-ДеОрбит) деп аталады. Жиналған қоқыс орбитадағы белгіленген жерде сақталады немесе жерге жеткізіліп, осында жойылады.
Хесус Гил Фернандес, ЕҒА зерттеушісі:
- Біз қоқыс тазалайтын роботтың қолына камера орнаттық. Сол арқылы ол жерсеріктің бағытын анықтап, қимылын қайталайды. Екеуі бірдей қозғалысқа түскен кезде ұстап алады.

27 ақпан 2018 ж. 2 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31