» » Ресми Сеул 4 шенеуніктің ресми сапарына 223 мың доллар жұмсаған

Ресми Сеул 4 шенеуніктің ресми сапарына 223 мың доллар жұмсаған

Ресми Сеул солтүстіккореялық делегацияның үш күндік сапарына қазынадан 223 мың доллардай қаржы бөлген.
Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабаралады. Шығынның басым бөлігі, яғни 120 мың доллар жоғары лауазымды тұлғалардың жүріс-тұрысына жұмсалған. Дәлірек айтқанда, 4 ресми шенеунік пен оларға қызмет көрсетуші 18 адамға осынша қаражат кетіпті. Тағы бір қызық дерек, аталған соманың 50 мың доллары оларды тасымалдауға, қалған 50 мың доллары азық-түлікке бөлінген.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Пхеньянның бастамасымен екі ел арасында келіссөздер басталған еді. Оңтүстік Кореяға келген делегация құрамында Корей Халық Демократиялық Республикасы президентінің қарындасы Ким Ё Чжон болды. Енді Солтүстік Корея Олимпиаданың жабылу салтанатына 8 адамнан тұратын делегацияны тағы да жібермек.
Баик Тай-Хюн, Корея Республикасы бірлестік министрлігінің өкілі:
– Бұл сапар қос тараптың ынтымақтастығын нығайта түседі деп ойлаймын. Сондай-ақ Солтүстік Кореяны ядролық қаруға қатысты райынан қайтаруға тигізетін септігі зор.
23 ақпан 2018 ж. 1 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 845
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 566

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930