» » Джинс табиғатқа орасан залал әкеліп жатыр

Джинс табиғатқа орасан залал әкеліп жатыр

  Джинс маталар киім өндірісін түбегейлі дамытты. Бүгінде сұраныс жоғары. Бірақ, болашақта өндіріс тоқтатылуы мүмкін.

"БҰҰ жаңалықтары" порталының жазуынша, бір жұп джинс өндіруге шамамен 4 000 литр су қажет екен. Бұл ретте табиғатқа келетін залал ұзындығы 111 шақырым болатын автожарыстан кейін бөлінетін зиянды заттармен пара-пар. Сонымен қатар, заттарды жуу кезінде су айдындары мен ауыз суды ластайтын пластиктің микробөлшектері мен басқа да улы заттар ауаға тарайды.

Су ластаушылардың 20 пайызы – тоқыма өнеркәсібінің қалдықтары. Сән индустриясының кең ауқымы планетадағы климаттың өзгеруіне қатты әсер етуде. Бұл салада 300 миллион адам жұмыс істейді, жыл сайынғы айналым – 1,3 триллион доллардан асады.

"Аталмыш айналымның барлық қатысушылары өндіріс процесін қайта қарауға, тоқыма өнеркәсібі арқылы пайда табуға әрі қоршаған ортаға зиян келтіретін әдістерден бас тартуға күш салуы тиіс", – дейді табиғатты қорғау қозғалысының белсендісі Лоренс Мила Каналс.

Сондай-ақ, тозған киімді сатып алу, ал ескірген киімді second hand-қа тапсыру немесе басқаларға беруді ұсынып отыр.
04 қаңтар 2020 ж. 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 102
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031