» ӘРІПТЕСІМІЗ МАРАПАТТАЛДЫ

ӘРІПТЕСІМІЗ МАРАПАТТАЛДЫ



Мереке қарсаңында әріптесіміз «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Айнұр Әли облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Қуаныш Жанұзақовтың Алғыс хатымен марапатталды.


Өңірде жастарға байланысты түрлі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен ерекшеліктерін тілге тиек етіп жүрген талантты журналистің бұған дейін қоғамдағы түрлі тақырыпты қаузаған мақалалары газет бетінен көрініп жүр. Жастардың басындағы түйіні тарқамаған түйткілдер мен ерекше дарыны бар жастарды газет бетінен көрсетіп, елге танытуда еңбегі зор Айнұр Айдарқызының болашақта алар асуы да мол.
– Жастардың белсенділігі көңілге қуаныш ұялатады. Елдің болашағының жарқын болуы да осы толқынға байланысты. Мұндай жастар балы ауданда алғаш рет өткізілуде. Бастамасы да жаман емес. Алдағы жастар жылынан да үмітіміз зор, – деген басқарма басшысы әріптесіміздің еңбегіне жеміс тіледі.

Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».
---
26 желтоқсан 2018 ж. 1 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 112
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 311

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031