» МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПСА...

МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПСА...

Біздің қазақ қашанда ақсақалды, қарияларды көптi көрген ел сыйлысы, қазынасы деп қадiрлеген. Қандай да бiр дау-дамай туса, ақыл-кеңес керек болса, осы қарияларға жүгiнген, олардың шешiмiне тоқтаған. Бүгінде бұл үрдіс өз ағынымен жалғасып келеді. Аудан орталығында Ардагерлер үйі бар. Кезекті тұрғындардың шағымы да осы үйге келіпті. Қаршыға Есдәулетов пен аудан ардагерлері жиналып, тұрғындар наразылығының алдын алу үшін белгіленген нысандарды аралады.
Баға тұрақтылығы – басты назарда
Тұрғындар шағымының бірі – базардағы ет пен жем бағамының тұрақтамауы, өзге өңірлерге қарағанда әлдеқайда қымбат екені. Ең алдымен ет бағасын анықтау үшін «біздің базарға» жол тарттық. Мұнда жылқы еті – 1600 теңге, қой еті – 1500 теңге, қазы – 1900-2000 теңге көлемінде. Ал, 10 келіден жоғары ет саудасын жасасаңыз – 1400 теңге, 100 келі ет алсаңыз – 1300-1350 теңге көлімінде көтерме бағамен сатылады. Сатушылардың айтуынша, ет бағасы қымбаттамаған, тұрақты дейді. Мамыр айының аяғында ғана жылқы етін 1500 теңгеге сатады-мыс. Ал, қалған уақытта баға өз қал­пында. Кезекті бақылау жем бағасының тұрақтылығына көз жеткізу болды. Жем сататын дүкендерге де ат басын тіредік. Мұндағы бағамның бір-бірінен айырмашылығы байқалады. Жалпы, 1 қап жем – 1100 теңге. Ал, дүкенге сырттан келген жемді 1050 теңгеге алады екен.
Айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды
Ауданда шешімін таппай жүрген өзекті мәселенің бірі – «Ақмаржан» мен «Достық» автостанциясы. Бұрынғы орнына үйренген тұрғындардың, «Достықтан» қатынауға қауқары жоқ. Ал, «Ақмаржанға» барса билет жоқ. Мына жерде тұрған Қазалының өзіне «пересадкамен» барады. Кентке келгендері кірмейді. Жолаушыны сырттан, яки «Оазистен» тастап кетеді. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» болғаны жасырын емес. Ақсақалдар екі автостанцияны да қолдайды. Себебі, «Ақмаржан» бұрыннан келе жатқан, өзіндік тарихы бар шағын орын болса, «Достық» заманауи бағыттағы жаңа нысан. Тек екі орынның да өзіндік мәселесі ертерек шешілсе нұр үстіне нұр болар еді.
Саябақтарды кім саялайды?
Күннің көзі нұрын төгіп, кең дала жасыл кілемге оранған шақта саябақ аралап, серуен құрғысы келетін жандар аз емес-ау, сірә?! Бірақ, қайда? Өңірдегі «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақ пен этносаябақтың жұпыны түрі сізді ойландырып көрді ме? Кезінде тұрғындардың сүйікті демалыс орны болған бақ бүгінде қараусыз қалған. Адам қарасы көрінбегенімен мал атаулының мекені іспетті. Алайда, бұған не себеп? Бір топ ардагер мен бірге осы жаққа бет алдық. Жерге шаншылған ағаштар етек жайып жайқалып тұрғанымен тынысың тарылады. Себебі, сахнасының шатыры ортасынан бөлініп, қирандысы жерде жатыр. Шытынап сынған шамдардың сау тамтығы қалмаған. Аяғы жоқ орындықтар әр бұрышта шашылған күйі тұр. Әрбір үйден шыққан күл-қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ең сорақысы осы жердің бір тұрғыны қорадағы малдарын әкеліп саябаққа кіргізе салған. Үш ешкі бізге қарап тұр, ал біз оған. Күлкің келеді, бірақ өзегіңді өртеген күйіктің ащы күлкісі бұл. Егер де ағаштар мал азығы болмағанда, тұрғындарға жасап берген саялы саябақты әрбір тұрғын бірлігі жарасып өз үйіндей қорғағанда, жоғарыдан қолдау тауып, қорғалғанда мүмкін мұндай халге жетпес еді?
Табиғат пен адам тығыз байланыста өмір сүреді. Яғни, адам қызметі арқылы табиғатқа әсерін тигізеді. Десе де, қоршаған ортаға пайдасын тигізіп жүрген азаматтарды айтпай кетуге болмас. Соның бірі – Сағат Қосназаров. Ол Т.Көмекбаев пен С.Кішенов көшесінің қиылысына 250 түп тал еккен. Бүгінде бұл жер мәуелі бәйтерекке айналған. Тек сол Кішенов көшесінің бойындағы жартылай төселмей қалған тасқа наразылығын білдіруде. Алдағы уақытта бұл мәселе де өз шешімін табады деген ойдамыз...
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».

---
19 қазан 2018 ж. 2 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 195

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 310

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930