» МӘМС: ауыл тұрғындары созылмалы ауруларды МӘМС жүйесі бойынша емдейді

МӘМС: ауыл тұрғындары созылмалы ауруларды МӘМС жүйесі бойынша емдейді

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық ауруханасы ревматоидты артрит, Бехтерев ауруымен ауыратын науқастарға көмек көрсетуде. Кеңес алу және емделу үшін мұнда басқа аудандар мен облыс орталығының тұрғындары жүгінеді.
Арал ауданы Сексеуіл кентінің тұрғыны Жансая Ақылбекова (аты-жөні өзгертілді) буындары қатты ауырып, Жалағаш аудандық ауруханасына түсті. 50 жастағы әйел ревматоидты артритпен есепте тұр. Бұл ең алдымен буындарға әсер ететін созылмалы жүйелі аутоиммунды ауру. МӘМС арқасында ол тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда денсаулығын жақсартты.
«Бұған дейін Ақтөбеде тексерулер мен емдеу ақылы түрінде өттім, өйткені бізге ол қала облыс орталығына қарағанда жақынырақ. Мен жұмыссызбын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған едім. Бірақ жергілікті дәрігер МӘМС-дың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын түсіндірді. Содан кейін бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын төлей бастадым (облыс орталығының тұрғындары үшін – 3 450 теңге, басқа елді мекендердің тұрғындары үшін - 1 725 теңге). Медициналық сақтандырудың арқасында қазір маған қымбат зерттеулер, дәрі-дәрмектер қол жетімді. Жалағаш аудандық ауруханасына емделуге жіберуді өтіндім, өйткені мұнда тәжірибелі ревматологтар жұмыс істейді», - дейді Жансая Ақылбекова.
Арал ауданынан келген тағы бір пациент Нұрлан Ахметовке (аты-жөні өзгертілген) үш жыл бұрын Алматы дәрігерлері Бехтерев ауруын анықтаған болатын. Бұл омыртқааралық буындардың зақымдануы болатын жүйелі ауру.  Жүре келе омыртқаның бөлімдері қозғалғыштығын толығымен жоғалтады.
43 жастағы ер адамға созылмалы дерттің ағымын бәсеңдету үшін жалағаштық дәрігерлер қажетті ем-дом жүргізуде.
«Әр түрлі клиникалар мен ауруханаларда ем алдым, бірақ нәтиже болмады. Мен жұмыс істеймін, жарналарды төлеймін, сондықтан МӘМС-да сақтандырылғанмын және маған барлық қажетті медициналық қызметтер, тегін дәрі-дәрмектер қолжетімді. Осы емнен кейін омыртқадағы қатты ауырсыну мазаламайды деп үміттенемін. Дәрігерлерге және аурухананың барлық медициналық қызметкерлеріне мың алғыс!»,- деді Нұрлан Ахметов.
Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері, ревматолог-дәрігер Еркебұлан Мақсұтовтың айтуынша, бұл дертке шалдыққан басқа аудандармен қатар облыс орталығының тұрғындары да кеңес сұрап, емделуде.
2022 жылы Жалағаш аудандық ауруханасында тегін медициналық көмек кепілдік берілген көлемі мен МӘМС аясында 10 мыңнан астам адам емделді. Олар үшін 1,2 млрд теңгеден астам соманы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлеген.
Айгүл Аханова
---
09 ақпан 2023 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 096

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031