» Діни экстремизмнің алдын алу

Діни экстремизмнің алдын алу

qarmaqshy-tany.kz 1 желтоқсан күні Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінде Қызылорда облысы діни істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының Қармақшы аудандық бөлімшесінің теолог маманы Ысқақов Жалғасбек Ібайұлымен кездесу өтті.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысының мақсаты – зайырлылық қағидаттарын насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың себептері мен зардаптары жөнінде сөз қозғалды. Теолог маманы ислам дінінің тазалығын, бауырмалдылыққа жетелейтінін түсіндіріп өтті.
Ысқақов Жалғасбек Ібайұлы жастарға діни және зайырлы білімді қатар алудың жолдарын түсіндіріп, қайсысы маңыздырақ екеніне тоқталып өтті және дәстүрлі діндердің ерекшелігі, интернет желсіндегі қауіпсіздік және тағы басқа мәселелер қарастырылып, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Шараға Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің 7-8-9 сынып оқушылары қатысып, өздерінің ойларындағы сұрақтарына жауаптарын алды.
---
04 желтоқсан 2022 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031