» Сырым ақынның арнауынан

Сырым ақынның арнауынан

ЖАҢАҚАЛАДАН ШЫҒЫП ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЫСЫНА АЙНАЛҒАН БАТЫР

Тұрған соң әуе жолдың торабында,
Қырандай қанатымды қағамында.
Ассалаумалейкум арда ағайын,
Алып ұшып кеп тұрған адал ұлға.

Елім деп барын салған батыр үшін,
Менде бүгін барымды саламында.
Мәдениет пен спортым қосылып ет,
Бел байлап өзгеруге, жаңаруға.

Нәтижесі боп жатыр көп кешікпей,
Тарихтың қалатұғын парағында.
Кеше ғана атақты Мұхтар ақын,
Айтыстың оза шауып алаңында.

Бірінші орын алып ет Алтай жақтан,
Жалын отты ойнатып жанарында.
Бүгін міне Мақсатта елге келді,
Алақанды аямай соғамында.

Алтыннан белбеу тақты жарқыратып,
Астанаға барған жоқ қола алуға.
Ағайын мұның сыры не десеңдер,
Берілер бұл сұраққа жауабымда.

Облысқа Нұрлыбек Машбекұлы,
Келгелі алтын келді көп ауылға.
Бір Алла тіл мен көзден сақтаса екен,
Бетін қақпай дананың баланың да.

Ақмешіттің ұлдары апта сайын,
Аэропортқа жеңіспен оралуда.
Бұл жерге келгеннен соң жырлау үшін,
Шабыттың шалқып бойда тулары шын.

Қазақстан барысы алдымызда,
Біз үшін таудай алып тұлғалысың.
Мақсат ау мақсатыңа жетіп келдің,
Атанып боз кілемді дүр барысым.

Мықтылардың барлығын мойындаттың,
Шығарды сені осылай шыңға күшің.
Еңбектің ақталғаны осы емес пе,
Маңдай термен өттіғой мың жарысың.

Өмір деген күрестен тұрмайдыма,
Бұған дейін сайыстан сынбады ішің.
Жеңісіңе қуандық халық болып,
Кейінгіге болады үлгі әр ісің.

Барыс болсаң бауырым сен өйткені,
Кешегі Тәйімбеттің жұрнағысың.
Балуандардың мекені Қармақшыда,
Мақтанатын жігіт боп туғанын үшін.

Қай кезде де қолдайды елің сені,
Жүзге жасың жеткенше жүр барысым.
Сырбаз жігіт өзіңдей қайдан болсын,
Сыр алдырмай қорғаған сыр намысын.



---
10 шілде 2022 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031