» » Әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандықтар үздік үштікке енді

Әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандықтар үздік үштікке енді

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы әйелдер күресінен жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Құрлықтық додада қазақстандық қыздар екі алтын, екі қола медаль алды. Ел құрамасынан 68 келіде Мадина Бақбергенова финалда қырғызстандық Мээрим Жуманазарованы жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Ал 72 келіде Жәмила Бақбергенова финалда Сумире Ниикураны тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ қазақстандық спортшылардан Жұлдыз Ешімова (53 келі) және Гүлмарал Еркебаева (76 келі) қола жүлдеге қол созды.
Жалпыкомандалық есепте Жапония (7 алтын, 2 күміс) және Моңғолия (4 күміс, 5 қола) құрамасы алғашқы екі орынға жайғасты.
Күрес түрлерінен (грек-рим, әйелдер күресі, еркін күрес) құрлықтық додаға Азияның 19 елінен спортшылар келді.




24 сәуір 2022 ж. 1 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 848
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930