» » Қазақстандық балуан Италияда халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық балуан Италияда халықаралық турнирде топ жарды

Италияның Сассари қаласында еркін және әйелдер күресінен өткен Sassari City MAtteoPellicone Memorial халықаралық турнирінде қазақстандық еркін күрес шеберлері 7 медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынға шықты, деп хабарлады Olympic.kz. 

Жақында ғана Азия чемпионатында топ жарған Нұрғожа Қайпанов Италияда да қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол 70 келіде жеңімпаз атанды. Расул Қалиев (61 келі), Данияр Қайсанов (74 келі, Ғалымжан Өсербаев (79 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) күмісті қанағат тұтты. 
Саятбек Оқасов (65 келі) пен Олег Болтин (125 келі) қола жүлде алды. 
Қыздар арасындағы сында Айна Теміртасова (65 келі) мен Жәмила Бақбергенова (72 келі) үздік үштікке енген.
26 мамыр 2019 ж. 1 597 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 997
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 226

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031