Ақынын ардақтаған ел азбайды
Қазақ – әрқашан ақынын аялап, азаматын ардақтаған ел. Ақын жұмыр жердің бетіндегі жүгі ауыр мұң-наланы, қуаныш пен шаттықты жырлап, елдің жоғын жоқтап, барына байыппен қарайтын жан. Бұл – заңдылық. Жалпы поэзия әлемі – кіршіксіз таза, терең. Бұл әлемге кіремін деген жанның жүрегі жаман ойдан ада болуы шарт....