» Жомарт жүректі жандар марапатталды

Жомарт жүректі жандар марапатталды


Қармақшы ауданында «Жомарт жүрек» сыйлығының 4 номинациясы бойынша жомарт жүректі жандар марапатталды.
Қоғам жұмысына белсене ат салысып, қайырымдылық қызметтерді ауқымды түрде атқарған, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ұйымдар мен азаматтарды марапаттау рәсімінің аудандық кезеңіне үміткерлер өз құжаттарын тапсырған болатын.
Өздеріңізге белгілі, елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты ауқымды шаралар өткізуге шектеу енгізілген.
Осыған орай, үстіміздегі жылы 29 шілде күні аудандық жобалық кеңсе құрамындағы сарапшылар кеңесінің шешімімен аудан әкімдігінде «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Ерен еріктілік» номинациялары бойынша номинанттарға «Диплом» мен ескерткіш сыйлық табысталды.


Атап айтқанда, «Жыл меценаты» номинациясын туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Төлепов Орынбасар иеленді.

Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін (тек жеке тұлғаға) аудандық емхананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің аға медбикесі «Жыл тұлғасы» номинациясына Қараманова Зәуреш ие болды.


Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы "Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Есдаулетов Қаршыға.
Волонтерлік қызметтерді белсенді ұйымдастырған Жүнісов Сабихан «Ерен еріктілік» номинациясы табысталды.
---
11 тамыз 2020 ж. 825 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728