» Облыста 96 882 азамат жер кезегінде тұр

Облыста 96 882 азамат жер кезегінде тұр

Бұл туралы халыққа есеп беру жиынында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді, деп жазады Kyzylorda-news.kz. 
Облыс әкімі өңірдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бір қатар мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
«Бүгінгі күні бізде тұрғын үй кезегінде 30 мыңнан астам (оның 25395 – Қызылорда қаласы бойынша) азамат тіркелген. Тұрғын үйге кезектің қатары жоғары болып тұр. Сондықтан, осы мәселені шешу барысында қарқынды жұмысты жалғастыруға тиістіміз. Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша жер кезегінде тұрған азаматтардың саны 96 882-ні құрап отыр, оның басым көпшілігі Қызылорда қаласының үлесінде – 59787 (62%). Соған қарамастан, бізде тұрғын үй салуға берілген жер телімдері уақтылы игеріліп жатқан жоқ. Мысалы, Қызылорда қаласында «Байтерек» тұрғын ауданынан тұрғын үй құрылысы үшін 5112 жер учаскесі ұсынылса, үш жылда не бәрі оның 1 мыңға жуығы ғана үйлерін аяқтап, кіру актісін алды», – дейді аймақ басшысы.
Оның айтуынша игерілмей тұрған жер учаскелерін мемлекетке қайтарып, кезекте тұрғандарға қайта табыстау қажет. Ал, ондай игерілмеген облыста 2600 жер учаскесі бар болып шықты.
---
19 ақпан 2020 ж. 414 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930