» » Педагогтарды аттестаттау ережесінің жаңа өзгерістері таныстырылды

Педагогтарды аттестаттау ережесінің жаңа өзгерістері таныстырылды



Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.М.Наукебаева ZOOM Конференциясымен білім беру ұйымдарының басшылары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларға педагогтерді аттестаттау Ережесінің жаңа өзгерістерімен таныстыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап педагогтерді аттестациялауға жаңадан Ереже қолданысқа енеді. Жаңа Ереженің мақсаты: педагогтердің үздіксіз дамуын қамтамасыз ету. Жаңа Ереже бойынша педагог жайлы барлық мәлімет Ұлттық платформада жинақталады. Әрбір пән мұғаліміне жеке кабинет берілді. Платформаға ұстаз туралы мәліметтер «Дарын» қосымша білім беру орталығынан, НОБД базасынан, «Өрлеу»біліктілікті арттыру базасынан, «Талдау» аналитикалық орталығынан, МОДО,ПИЗА,ТИМСС,ПИРЛС-қа қатысу бойынша жетістігі, олимпиада, ғылыми жоба, кәсіби байқауларға қатысу, т.б мәліметтер жинақталады.
Педагогтер 5 жылда 1 рет, білім беру ұйымдары басшылары үшін 3 жылда 1 рет, басшы орынбасарлары үшін 3 жылда 1 рет аттестациядан өтеді.
Жаңа Ережедегі ерекшеліктер:
Бірінші басшының бұйрығымен біліктілік санаттары беріледі:
1.Білім беру ұйымдарында: «педагог -тағылымдамашы», «педагог», «педагог - модератор» біліктілік санаттары
2.Аудандық білім бөлімінде: «педагог -сарапшы», «басшы-ұйымдастырушы», «басшы -менеджер», «үшінші біліктілік санатты басшы орынбасары» біліктілік санаттары
3.Облыстың білім беру басқармасы органдарында: «педагог -сарапшы», «педагог -зерттеуші», «екінші біліктілік санатының әдіскері», «бірінші біліктілік санатының әдіскері», «үшінші біліктілік санатты басшы орынбасары» біліктілік санаттары.
Комиссия мүшелері тақ саннан және кемінде 7 мүшеден тұрады. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия отырыстарында аудио немесе бейнежазба жүргізіледі. Жазба аттестаттау органында кемінде 3 жыл сақаталады.
Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды: Педагогтер үшін: 1.ПББ 2.қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау.
Білім беру ұйымдарының басшылары үшін: 1.ПББ 2.қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын талдамалық жинақтау.
Әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері үшін:1.ПББ 2. қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын талдамалық жинақтау.
Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасары үшін: 1. қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау.
ПББ тапсырудан босатылады:
Педагогтер: 1.бұрын берілген біліктілік санатын растау;
2. «педагог -зерттеуші», «педагог -шебер»біліктілік санатын беру;
3.педагогикалық өтілі 30 және одан да көп жыл.
Білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер:
1. бұрын берілген біліктілік санатын растау;
2.«жетекші -көшбасшы», «бірінші біліктілік санатының әдіскері»біліктілік санатын беру
Педагог аттестаттау кезеңінде біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттауға өтінішті уақытылы бермесе, бұрын берілген біліктілік санаты жарамсыз деп танылады. Білім беру ұйымының комиссиясы педагогке «педагог» біліктілік санатын береді.
Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы шешімді Комиссия қабылдайды.Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1)өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді; 2) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді немесе қолданыстағы біліктілік санатынан төмен санатқа сәйкес келеді).
«Өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді»шешімін қабылдаған кезде педагогке ПББ және қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау нәтижелеріне сәйкес біліктілік санаты беріледі.
Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде бірар 2 жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда ұзартылады:
1)денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындаларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
2)жүктілігі және босануы бойынша демалыстан немесе бала күтімі бойынша демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысқан адамдарға беріледі.
Егер педагогтің біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл қалса, педагог ҚР шегінде басқа білім беру ұйымына ауысса, педагогтің өтініші негізінде аттестаттаушы органның комиссиясы санаттың қолданылу мерзімін 1 жылға ұзартады.
Жасы бойынша зейнетақыға дейін 5 жылдан аспайтын педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Біліктілік санаты педагогтың өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
«Екінші санат», «бірінші санат»біліктіліктері бар педагогтерге «педагог -модератор», «жоғары санатқа»- «педагог -сарапшы»біліктілік санаты беріледі. «Санаты жоқ»педагогтерге «педагог» біліктілік санаты беріледі. Бұрын берілген «екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» санаттарының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. «Бірінші санат» біліктілік санаты бар педагог «педагог -зерттеуші», «жоғары санат»санаты бар педагог «педагог -шебер» біліктілік санатын алу үшін атестаттау рәсімінен өтуге құқылы.

Қармақшы аудандық білім бөлімі
08 қазан 2023 ж. 1 516 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 375

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 455

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930