» » Қандай жағдайда фото-видеоға түсіруге болмайды – заң талаптары

Қандай жағдайда фото-видеоға түсіруге болмайды – заң талаптары

Әлеуметтік желі дамыған заманда фото мен видеоға қатысты мәселе жиі туындайды. Ал кейбір адамдар видеоға түсіруге болмайды деп, сотпен қорқытып жатады. Заң бойынша қай кезде фото және видео түсірілім жасауға болады? Нақты талаптары қандай? Біреудің суретін жарияласақ, не болады? Сауда орталықтары мен дүкендерде тұратын күзетшілердің "Суретке түсіруге болмайды!" деп айтатыны заңды ма?

Заң не дейді?

• Қазақстанда заң бойынша бірнеше жерде фото-видеоға түсіруге тыйым салынған. Олар:
• түзеу мекемелері;
• тергеу изоляторлары; 
• сот залы;
• әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты отырыстар.

Дегенмен түзеу мекемесі мен тергеу изоляторының әкімшісі рұқсат берсе, фотоға да, видеоға да түсіруге болады. Ал кадрға сотталған және қамауға алынған адамдар түсіп қалса, олардан келісім алу керек. Сот залында судьяның рұқсаты қажет. Оған қоса, отырысқа қатысатын адамдардың пікірі ескеріледі.

Азаматтық кодекстің 145-бабында адамның бейнесіне қатысты құқығы жазылған.

"Қандай да бiр адамның сурет бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң құқығы жоқ", - делінген заңда.

Осылайша фотосурет, кинофильм және басқа да адам бейнеленген туындыларды тек сол адамның келісімімен ғана пайдалануға болады. Ол кісі қайтыс болса, балаларынан және жұбайынан рұқсат алу керек.

Алайда нақты келісімшарт рәсімделсе, я болмаса, бейнеленген адам фотоға түскені үшін ақы алып қойған жағдайда келiсiм алудың қажеті жоқ.

Журналистер келісім алмайды

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңның 14-бабына сәйкес, бірнеше жағдайда фото мен видеоға түскен адамнан келісім алынбайды.

Біріншіден, ол адам ойын-сауық, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларда халықтың арасында жүріп, фотоға түсіп қалса, одан келісім алмауға болады.

Екіншіден, адамның бет-бейнесі және қызметіне қатысты мәліметтер ашық жарияланған жағдайда оны рұқсатсыз пайдалану заңға қайшы емес.

Үшіншіден, бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылатын болса, бейнеленетін адамның келісімі қажет емес.

Сауда орталықтарын фотоға түсіруге бола ма?

Қазақстан Конституциясының 20-бабы бойынша әрбір адамның сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Ал цензураға тыйым салынады. Сондықтан қазақстандықтар кез келген жерде және кез келген адамды фото-видеоға түсіре алады. Бірақ оны әлеуметтік желіде тарату үшін келісім алу керек.Оған қоса, Коституцияның 18-бабы, 1-тармағы бойынша "әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар".Заңгерлердің айтуынша, кез келген адам өзінің үйінде, жер учаскесінде, бау-бақшасында және тағы басқа жекеменшігі аясында фото-видео түсіруге тыйым сала алады. Бірақ ол үшін алдын ала ескерту жасау керек, я болмаса, арнайы белгі іліп қою қажет. Ондай белгі болмаса, ескерту жасалмағанша түсіре беруге болады. Ескертуге дейін түсірілген материал адамның жекеменшігі болып саналады. Сондықтан күзетші оны алып қоюға тырысса, ондай әрекет жекеменшікке қол сұғу ретінде қарастырылады. Дегенмен Азаматтық кодекстің 145-бабын ұмытпау қажет. Адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз жариялауға болмайды.Ал сауда орталықтары, мейрамханалар, дәмханалар мен супермаркеттер сияқты нысандар фото-видео түсіруге тыйым сала алмайды. Себебі "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 24-бабы, 12-тармағы бойынша "Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады".




23 наурыз 2022 ж. 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031