» » Астаналықтар Геннадий Головкинге өлең арнады

Астаналықтар Геннадий Головкинге өлең арнады

Астаналықтар қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін қолдау білдіру мақсатында өлең арнады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 
Бұл жобаға жеті жігіт қатысқан. Олар өлеңді видеоға түсіріп, YouTube желісінде жариялады. «GGG жекпе-жектерін бұрыннан тамашалап келемін. Оны спортшы және адам ретінде қатты құрметтеймін. Соңғы жекпе-жектің нәтижесіне көңіл-күйім қатты түсті. Мен оған қолдау білдіргім келді, бірақ қалай істерімді білмедім. Бір досым маған өлең шығаруды, сосын оны видеоға түсіруді ұсынды. Барлығын өз күшімізбен жасадық, досым режиссер оқуын оқыған, түсіруге көмектесті. Қалған жігіт өлеңді оқып шықты», - дейді жоба авторы Саид Сапин. 
Жоба мүшелері Геннадий Головкинге осы қолдау құлағына жетеді және видеоны көреді деп үміттенеді. Айта кетейік, 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында жекпе-жек өтіп, төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Ал Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.
24.kz

23 қыркүйек 2018 ж. 1 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 172
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 817

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031