» » "Аңсаған сәби" дүниеге келді

"Аңсаған сәби" дүниеге келді

Сәби сүю бұл отбасы үшін қол жетпес арман сияқты еді. Дегенмен, армандар орындалады. Олар үмітін бір сәтке де үзбеді. Міне, енді кішкентай сәбиді қолына алып, шаңырақ шаттыққа кенелді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы халыққа арнаған Жолдауында елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асырып, ЭКҰ бағдарламасы бойынша квота санын 7 есеге арттыруды, яки 7 мыңға дейін көбейтуді тапсырған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың 11 айында осы бағдарлама көмегімен 40 сәбидің дүниеге келгенін хабарлаған еді.
Жақында ауданда «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биылғы жылдың тұңғыш сәбиі ота жолымен өмірге келді. Бағдарламаның шапағатын көріп, ана бақытына ие болған аудан тұрғыны осы сәтті тағатсыздана күткендерін айтады. Салмағы 3 келі, 300 грамм ер баланы ата-анасы 2 жылдық нәтижелі емделуден кейін дүниеге әкелген. 38 жастағы анасы өткен жылдың наурыз айында барлық құжаттарын жинап, рәсімдеп, ЭКҰ (экстракорпоральді ұрықтандыру) өткізу үшін Шымкент қаласындағы "Доктор Тарарака" клиникасын таңдаған. Қуанышқа орай, алған емі нәтижелі болғанын айтады олар.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосуы үлкен үмітіміздің шырағын жақты. Осының арқасында квота саны артып, кезек тез жылжыды. Құдайға шүкір, бәрі ойдағыдай болды. Өзімізді сондай бақытты сезінудеміз. Барлық ақ халатты абзал жандарға алғысымызды білдіреміз, – дейді ана.
ЭКҰ бағдарламасы елімізде 2010 жылдан бастап медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қосылғаны белгілі. Бүгінде елде 26 ЭКО орталық жұмыс істейді. Оның 21-і жекеменшік. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі былтыр ЭКО бағдарламасының көмегімен 22 мыңнан астам бала дүниеге келгенін, республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметі бойынша, елде 9 467 әйел бедеулік диаг­нозымен есепте тұрғанын құлағдар еткен болатын.
– Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы. «Аңсаған сәби» – қоғам үшін өте қажет бағдарлама. Алдағы уақытта да жалғасын тауып, талай шаңыраққа қуаныш сыйлай береді деп сенеміз, – дейді бала күткен ата-аналардың алғысын алып жүрген аудандық аурухана бас дәрігерінің ана мен бала жөніндегі орынбасары Парида Ергешқызы.

Айнұр ӘЛИ

29 қаңтар 2022 ж. 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 336

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 421

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930