» » Онлайн форматта оқудың пайдасы мен зияны қандай?

Онлайн форматта оқудың пайдасы мен зияны қандай?


Таңертен будильник шырылынан оянып, бір ғана батырманы басып лекция залына түсу, қазіргі барлық студенттердің жағдайы.
Автобусқа отырып, киініп, дайындалмай-ақ уақытты үнемдейтін онлайн форматта оқудың басты артықшылығы осында. Онлайн форматқа ауысқалы бері шет тілдерін, экономика, физика, биология, география, тарих салаларын тереңінен үйрететін курстар көпшілікке қолжетімді болды. Қалаға көп келе алмайтын ауыл тұрғындары үшін онлай курстардыңтың тиімділігі өте жоғары болды.
Студенттер, оқытушылар үшін де онлайн формат өте ыңғайлы. Себебі, оқытушы студенттерді бір жүйеде бақылап отыра алады. Байланыс жылдам жүзеге асады. Ал, студенттер сабаққа 1 сағаттық автобусқа отырмай-ақ, әп дегеннен лекция залына түсе алады. Көп уақытын, басқа да нәрселермен айналысуға жұмсайды.
Онлайн форматта оқу кезінде бір күнде 10 сағаттап компьтерде отырған кезіміз болған шығар. Компьтерден бөлек телефон арқылы байланыста отыру керек. Күні бойы көк экранның алдында отыру біздің денсаулығымызға айтарлықтай зиянын тигізеді. Көзіміздің көруі нашарлауы мүмкін, басымыз айналуы мүмкін. Онлайн оқу уақытының көп бөлігін онсызда интернет желілерінде өткізетін студенттері көк экранға байлап қойғандай. Онлайн оқу деп студенттердің өмірін бір күн интернетсіз елестету мүмкін емес болып қалды.
The New York Times (https://www.nytimes.com/2020/02/06/learning/what-students-are-saying-about-how-much-they-use-their-phones-and-whether-we-should-be-worried.html) сайтында жарыққа шыққан “What Students Are Saying About How Much They Use Their Phones, and Whether We Should Be Worried” — “Студенттер өздерінің телефондарын қаншалықты пайдаланатыны туралы не айтады және біз алаңдауымыз керек пе?” – жүргізілген сауалнамалар және оған жасалған анализдер ұсынылған. Студенттер өздері де уақытының көп бөлігін телефонмен өткізетіндерін білетіні жазылған, сондай-ақ осы әрекеттерінің өздері үшін пайдалы емес екендіктерін де білетіндері көрсетілген.
Жалпы,жақында ғана «карантин бізге оқу үшін университет не мектептің керек еместігін дәлелдеп берді» деген сөйлемді көзім шалып қалды. Иә, шыныменде карантин кезінде біз кей жерлерде тойханаларды да мектепке айналдырдық емес пе?Оқу үшін белгілі бір объектінің болуы шарт емес екеніне көзіміз жетті.Онлайн оқу бізді ізденіске көп үйретті.
Дегенмен де дәстүрлі оқудың орны студенттер үшін бір бөлек. Студенттік қызық, лекция өтетін аудиторияның атмосферасы, бірге оқитын жолдастарымен өткізетін қызықты сәттер, бәрі-бәрі студент үшін өте ыстық. Сессияға дайындалып, кітапханадан http://www.kaznu.kz/ шықпай кітап оқып жүрген кезді аңсағандай. Ал, құрметті студент, оқу орныңызды қаншалықты сағындыңыз?


02 қаңтар 2021 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031