» » Интернет алаяқтарына алданбау үшін не істеу керек – ҚР ІІМ

Интернет алаяқтарына алданбау үшін не істеу керек – ҚР ІІМ

ҚР ІІМ Криминалды полиция департаменті басшысының орынбасары Ерлан Омарбеков интернеттегі алаяқтарға албанбау жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүкіл әлемде жоғары технологиялар енгізіліп жатыр, маңызды ақпарат киберортада қолжетімді болып, интернет-алаяқтардың қызығушылығын тудыруда. Үш жылда мұндай қылмыстардың тіркелуі 4 мыңнан 8 мыңға дейін екі есеге артқан. Биыл ішкі істер органдары 1700 интернет-алаяқтық қылмысын ашты, 400-ге жуық адамды ұстады. Қылмыстардың көпшілігі трансшекаралық сипатта, яғни жәбірленуші бір аймақта болса, алаяқ басқа жерде, кейде тіпті басқа елде болуы мүмкін», - деді Е. Омарбеков ҚР ІІМ апталық брифингінде. Сондай-ақ, спикер көптеген адамдардың елеусіз шығын келді деп полицияға жүгінбейтінін атап өтті. Бұл факторлар алаяқтарды анықтауға және оларды жауапқа тартуға кедергі келтіреді. «Олар өмірдің жаңа жағдайларына оңай бейімделеді, халыққа қызмет көрсету, банк операциялары, жарнама және сауда саласындағы трендтерге ауыз салады. Түрлі құралдары мен тәсілдердін жетілдіреді. Интернеттегі алаяқтықтың тәсілдері де әртүрлі болады. Олардың ең көп таралған түрі – интернет-сайттардағы тауарларды сату немесе қызметтер ұсыну туралы хабарландырулармен байланысты. Әдетте, алаяқтар өз құрбандарын төмен бағамен, өнімді немесе қызметті жедел ұсынумен қызықтырады. Сатып алушылардан үшінші тұлғаларға рәсімделген шоттарға алдын ала төлем жасауды сұрайды», - дейді Е. Омарбеков. Департамент басшысының айтуынша, түрлі ұйымдарда үшінші тұлғалардың онлайн-несиелер рәсімдеу жағдайлары жиілей түскен. «Алаяқ интернеттегі хабарландыру иесін тауып, банк реквизиттері бойынша алдын ала төлем немесе толық төлем жасауды ұсынады. Ақшаны тезірек алуды ойлаған хабарландыру иесі өз еркімен онлайн-қарыз рәсімдеуге қажетті дербес деректерін (Аты-жөні, ЖСН, карта нөмірі, жеке куәлік және т. б.) береді. Қылмыскер әдейі жарнамада көрсетілген тауар құнынан жоғары сомада несие рәсімдейді. Сатушының картасына ақша түскен соң алаяқ көп ақша аударып қойыппын деп, айырмасын қайтаруды сұрайды. Ойында ештеңе жоқ сатушы бұл айырманы алаяқтың шотына аударады, содан кейін ғана өз атына несие рәсімделгенін біледі», - деп түсіндірді Е.Омарбеков. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін ІІМ дербес деректер мен пластикалық карта реквизиттерін ешкімге айтпауға, аударымдар туралы түбіртек пен құпиясөздерді ешкімге бермеуге және тексерілмеген немесе күмәнді ақпарат көздеріне сенбеуге, тексерілмеген тауар үшін алдын ала төлем жасамауға кеңес береді. Тауарды алғаннан кейін төлем жасауға тырысу қажет, күмәнді шарттар бойынша ақша аудармау керек, ашық кіріс көзі жоқ қаржылық схемалардан сақ болған жөн. Банкинг қызметтерінің құпиясөздерін үнемі ауыстырып, төлем жүйелеріндегі қауіпсіздік шараларын пайдалану керек және шоттағы ақша айналымын тексеріп отыру қажет.


26 қазан 2020 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 030

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031