» » Ахуалдың жақсаруы босаңсуға сеп емес

Ахуалдың жақсаруы босаңсуға сеп емес

«Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бей-жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер».

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан


«Алфавиттің А тұрады басында» деп басталатын тақпақ секілді алғыстың ең алдында дәрігерлер қауымы тұр. Еліміздің әр аймағында адалынан қызмет еткен дәрігерлерге риза болмаған жұрт қалмады. Енді міне, Мемлекет басшысы да сын сағатта өмір үшін күреске түскен, наурыздан бері алты ай тоқтаусыз жұмыс істеген дәрігерлердің мерейін арттыруда. Байқоңыр қаласы көпбейінді ауруханасының дәрігерлері де індетпен бетпе-бет кездесті, күресті, санын азайтты, енді міне науқастар толық айығып шықты. Аталған ауруханада «Сovid-19» індетімен осы уақытқа дейін провизорлы стационарда 254 науқас, жансақтау бөлімінде 5 науқас жатып емделіп шықты. Ауыр дертті жұқтырған науқастың ең соңғысы тамыздың 28-і күні толығымен айығып, отбасына оралды. 1 қыркүйектен бастап аурухана өздерінің жоспарлы жұмысына кірісіп, бұрынғы қалыпты жағдайына бет бұрды. «Ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс. Күрес әлі жалғасуда. ДДСҰ болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде екі жыл қажет» деген Мемлекет басшысының сөзін негізге алу маңызды.
– Иә, расымен елімізде науқастар саны едәуір азайды. Ал біздің ауруханада науқастар толық жазылып шықты. Дегенмен бізде бұл ауру толықтай жер бетінен жойылып кетті деген ақпарат жоқ. Сондықтан қандай жағдай болса да біз дайынбыз, біздің дәрігерлер ұжымы толықтай дайын, – дейді Байқоңыр қаласы көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Жандос Әділхан.

ТҮЙІН:
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жолдап, бірқатар сала мамандарына жағымды жаңалығын жеткізді. 2020 жыл қай салада болмасын сапырма сөздің, құр есептің емес, істің, нәтиженің кезеңі туғанын көрсетті. Жаһандық дағдарысқа дес берместен ел болып, қазақ жұрты болып бірігудің алдында тұрмыз. Ал енді жаппай бірігіп, өмірді өміршең етуге атсалысу – медицина батырларының парызы. Парызын ұмытпаған ақ халаттылар күздің алғашқы күнінде «провизорлы стационар жабылып, науқастар саны «0» деген хабар берді.

Гүлжан ӘЛІМБАЕВА
Байқоңыр қаласы
05 қыркүйек 2020 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031