» » Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру басты міндет

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру басты міндет

Әрбір адам өмірге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады. Сол себепті мемлекеттік қызметтерді көрсету - бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Жалпы қазіргі кезде қызмет алушылардың уақытын үнемдеу, қағазбастылықты жою мақсатында электронды көрсетілетін қызметтерді көбейтіп, кейбір мемлекеттік қызметтерді біріктіру немесе мүлдем алып тастау арқылы олардың санын азайту бағытында жұмыстар жасалуда.
Мәселен, өткен жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізілген 740 қызметтің 538-і немесе 72 пайыздан астамы цифрландырылған болса, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі жаңадан бекітіліп, онда 694 қызмет түрі көзделген. Оның 608 немесе 87,6% қызметі электрондық түрде көрсетіледі.
Тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріжалпы 31 саланы қамтиды. Олардың қатарындажеке және заңды тұлғаларды тіркеу, отбасы және балалар, денсаулық сақтау, білім, құрылыс, жер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және т. б. салалар бар.
Қызылорда облысының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен 366 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.Жалпы облыстағы қызмет беруші мекемелер тарапынан 2020 жылдың 6 айында 1608263 қызмет көрсетілген. Оның ішінде, баламасыз тек қағаз түрінде 349128 қызмет, баламалы қызмет түрлері бойынша қағаз түрінде көрсетілген қызметтер 28041 рет, электронды түрде 1108106 қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалымен 122988 қызмет берілген.
Есепті кезеңде электронды түрде қызметтер алу үлесі 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,8 пайызға артып, нәтижесінде 88 пайызды құрап отыр.
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін органдар қызметінің сапасын арттыруға басты назар аударып, қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы басты қағида болуы тиіс. Дегенмен, кейбір мемлекеттік мекемелер тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуына жол беретіндігі жасырын емес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау функциясы аясында ағымдағы жылы 18 бақылау шаралары жүргізіліп, 53заңбұзушылық анықталды.
Заңбұзушылықтар ішінде: 16дерек құжаттар толық болмаса да қызмет көрсету, 14 дерек стандартта көзделмеген құжаттарды сұрату, 9 дерек қызмет көрсету тәртібін бұзу, 6 дерек қызмет көрсету мерзімін бұзу, 6 дерек қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту және т.б. деректер бар.
Заңбұзушылықтардың басым бөлігі сәулет және қала құрылысы - 21 (39,6%), сондай-ақ көші-қон - 18 (33,9%) салаларында орын алған.
Жалпы, тексеріс нәтижелері бойынша 3 тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Тәртіптік жазамен қатар, мемлекеттік қызмет стандарттарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке тартуға алып келеді.Осылайша, рұқсат мерзімдерін, беру тәртібін бұзғаны, сондай-ақ оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін лауазымды тұлғаларға 9 әкімшілік хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне айыппұл түрінде 301135 теңге өндірілді.
Жыл басынан мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты Департаментке 12 шағым түсті. Шағымдардың басым бөлігі, яғни 41 пайызы жер қатынастары саласындағы көрсетілетінмемлекеттік қызметтерге қатысты жазылды.8 шағым бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 2 арыз иесінің уәждері өз дәлелін тауып, құқықтары қалпына келтірілді.
Департамент мемлекеттік қызметті көрсету барысында артық құжат талап ету, қызмет көрсету тәртібі мен мерзімін бұзу, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту секілдікөрсетілетін қызметтер заңнамасы бұзушылықтарын қарайды.
Ал, жер қатынастары, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық, білім, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б. салалардың кәсіби заңнама талаптары бұзылса, оған сол салаға қатысты тиісті уәкілетті органдар баға беретіндігін атап өткен дұрыс.
Қазіргі таңдақызметтерді электрондық түрде алу уақыт талабы болып отыр. Қызметтерді электрондық форматта алудың артықшылықтары жетерлік. Адамдар қызметтерді онлайн алу арқылы әкімшілік кедергілерді азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің, адами факторлардың алдын алады және өздерінің уақытын, қала берді қаржыларын үнемдейді.

Берікбол БАЙХОЖАЕВ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметістері агенттігінің
Қызылорда облысы бойыншадепартаменті басшысының орынбасары
26 тамыз 2020 ж. 562 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031