» » Мектепке баратын оқушыларға маска мен қолғап кию міндетті ме – министрлік жауабы

Мектепке баратын оқушыларға маска мен қолғап кию міндетті ме – министрлік жауабы

Жаңа оқу жылында мектепке барып оқитын балалар сабақта маска тағып отырады, ал қолғап кию міндетті емес. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.

«Балаларға қолғап кию міндетті емес. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ал сабақ кезінде балалар маска тағуы тиіс. Статистика бойынша олар вирусты сирек жұқтырса да, ауру тасып, өзінен үлкен адамдарға жұқтыруы мүмкін», – деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында.

Ол республика бюджетінде балаларды маскамен қамтамасыз етуге ақша қаралмағанын айтты. Бірақ, бұл ұсынысты денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына жеткізуге уәде етті.

Коронавирусқа байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Ата-аналардың қалауы бойынша мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бір сыныпта білім алушылар саны 15-тен аспайды.
24 тамыз 2020 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 908
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 613

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930