Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Activ-тен sms неге жолданбай қалды?

Activ-тен sms неге жолданбай қалды?

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин Activ байланысында болып жатқан келеңсіздікке қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.

Актив абоненттері екі күннен бері SMS жолдай алмауда. Осы мәселе бойынша Kсеll және Қазақтелеком басшылығымен келіссөздер жүргіздім. Олар жағдайды тұрақтандыру шараларын атқаруда, – деп жазды ол facebook-тегі парақшасына.

Оның айтуынша, бұл проблема eGov.kz порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистерді алу мүмкіндігіне кедергі келтіруде.

ЕGov шлюзі SMS хабарлама жібереді, ал Kсеll оларды абоненттерге жеткізе алмауда. Бұл банктік сервистердің жұмысына кері әсерін тигізуде. Оператор басшылығы проблеманы қысқа мерзімде шешуге уәде береді, – деп жазды ол.

Айта кетсек, желіде Activ байланысын қолданушылар бірнеше күннен бері интернет нашарлап, хабарлама жібере алмай жатқандарын айтып шағымданған еді.
05 тамыз 2020 ж. 834 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 578
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 370

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031