» » » ӨНІМ ШЫҒАРМАЙ КӘСІПКЕРЛІК ӨРІСТЕМЕЙДІ

ӨНІМ ШЫҒАРМАЙ КӘСІПКЕРЛІК ӨРІСТЕМЕЙДІ


Арман Ермекбаев,
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Қармақшы ауданындағы филиал директоры:
– Ауданда кәсіпкерлік сала бойынша қандай жұ­мыстар атқарылуда?
– 2018 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» мем­лекеттік бағдарламасының «Қаржылай емес қолдау» бағыты бо­йынша бүгінгі күнге филиалы, аудан кәсіпкерлері мен кәсіпкер болуға ниеті бар тұрғындарды кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпараттандыру, мем­лекеттік бағдарламалар туралы, же­ңілдетілген несиелер және қаржы институттарымен жұмыс істеу алғышарттарын түсіндіру бойынша 440 азаматқа 880 кеңес берілді. Кеңес алушылардың дені – жұмыссыз жастар. Көпшілігі сауда қызметі, мал ша­руашылығы, жолаушылар тасымалдау және қызмет көрсетумен айналысуға ниеттілер. «Іскерлік байланыстар» ком­поненті бойынша 10 жоспар беріліп, барлығы оқуға 7 өтініш түсіп, жоспарланған 7 кәсіпкердің 3 оқу курс­тарына қатысты. Ал «Бизнес өсу» жобасы бойынша 10 жоспар беріліп, жоспар толығымен орындалды.
Қаржылай қолдау бойынша Жол картаға сәйкес «Нәтижелі жұмыспен қам­­ту және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың 2017-2021 жылдарға арналған бағ­­­­дар­ламасы» шеңберінде кемінде 50 жоба қаржыландыру жоспарланса, жыл қорытындысы бойынша, жалпы құ­ны 448,6 млн теңге болатын 161 жоба қар­жыландырылды.
– Кәсіпкерлікті мамандық деп қарауға бола ма?
– Расымен кәсіпкер болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол үшін адам бойында тәуекелге бару, белсенді болу секілді қасиеттер табылуы керек. Ортаны өзіне қаратып, адамдармен жақсы тіл табысып, ұйымдастыру қабілеті жоғары болуы тиіс. Кәсіпкер болу үшін мамандықтың болуы міндетті емес. Жоғарыда айтқан қабілеттер болса жеткілікті.
– Аудан тұрғындары қай бизнеске көптеп барады?
– Аудан тұрғындарының басым көпшілігі – мал шаруашылығымен айналысады. Мұнан бөлек сауда орындарын ашуда белсенділік танытуда.
– Биылға жоспар қандай?
– Алғашқы жарты жылдықта «Бизнес бастау» жобасымен 110 адамды оқытуды жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін оның санын 200-ге жеткіземіз деген ойдамыз. Былтыр «Бастау Бизнес» оқу курсына 220 азамат оқыту жоспарлап, оқу курсының 5 кезеңінде барлығы 220 азамат аяқтап, оның 181-і жобасын қорғаған. Бұл жобаның берері көп. Аты айтып тұрғандай бизнес бастай алмай жүргендерге кәсібін ашып, оны дамытуда үлкен септігін тигізеді.
– Өзге аудандармен салыстырғанда бізге не жетіспейді, не керек деп ойлайсыз?
– Аудандарды салыстыруға болмас. Себебі, әр ау­данның өзіндік бағыты болады. Мәселен, Арал ауданы мал ша­руашылығымен ерекшеленеді, ал Жа­ңа­қорған, Шиелі аудандары өнеркәсіп саласындағы түрлі зауыттар мен жер қойнауын өндіруде белсенді. Сондықтан әр аудан өзінше ерекше болуға ұмтылады.
– Халықты бизнестің негізіне оқыту қаншалықты тиімді? Оқу нәтижесінде биз­несін ары қарай дамытып жатқандар бар ма?
– Жоғарыда айта кеткендей, бизнес жобаны оқы­тудың тиімділігі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Оқу процесінен кейін грант ұтып, несие алып өзінің бизнесін бастағандар көп.
– Кәсіпкерлердің құқығын қор­ғау жөнінде қан­дай шаралар қол­данылуда?
– Жақында «Шах» сауда дүкені ша­ғым түсірді. Ау­дандық қоғамдық ден­саулық сақтау басқармасы құжаттың дұрыс болмауынан айыппұл салған. Біз істің мән-жайын тексеріп кәсіпкердің мүддесіне шешіп бердік. Аудандық кі­ріс­тер басқармасымен бірлесе отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеміз. Кәсіпкерлер салық мөлшерін дұрыс түсінбей шағым түсіріп жатады. Мұнан бөлек ауылдық елді мекендерде кассалық аппараттың болмауы. Ондағы байланыстың нашар болуы да әсер етеді. Байланыс болмаған соң кассалық аппаратпен жұмыс істеу мүмкін болмайды.
– «Атамекен» ҰКП басым ба­ғыт­тары бойынша қандай жұмыстар жүр­гізілуде?
– «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кемінде 10 жобаны қаржыландыру жоспарланған. Аудан бойынша 10 жоба 155,7 млн теңгеге несиелендірілді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде гранттар беру бойынша конкурс комис­сиясының қарауына Қармақшы ауданы­нан 92 жоба ұсынылып, комиссия шеші­мімен 33 жоба 23,2 млн. теңгенің грантына қол жет­кізді.
«Микробизнес-Қызылорда» бағдар­ла­масы шең­бе­рінде «Қызылорда» Өңір­лік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС-нен 62,85 млн.теңге болатын 22 жоба не­сиелендірілді. «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шең­берінде «Жаңажол» ЖШС-і айналым қаражатын то­лықтыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан 83,6 млн теңгеге несиелендірілді.
– Аудан қандай кәсіпке қолайлы?
– Біздегі басым бағыт – мал шаруа­шылығы. Мал басын көбейтуді ғана ойламай, оның өнімдерін өткізуді қолға алу керек. Мәселен, бізде оны өткізетін жер жоқ. Олардың өнімдерін өндіретін зауыттарды ашуға кеңес береміз. Сүттен сары май, йогурт жасауға болады. Етті де солай. Вакумды қаптама немесе консервіленген ет жасап, көрші аймақтарға шығаруға болады. Сонда өнім өзімізден шығады.
Құрылыс материалдарын да өзге аймақтардан әке­леміз. Саз деген өзімізде тұр. Күйдірілген кесек жасауға болады. Кәсіп ашамын дегенге мемлекеттік қолдау да бар. Идея да керек. Нақты жос­пар жасап, әрекет етсе болғаны.
– Биыл «Жастар жылы» деп жатырмыз. Жастардың кәсіпкерліктегі үлесі қандай?
– Қазір тың идея жастардан шы­ғады емес пе? Оқу курсына келіп жүр­гендердің қатарында балалардың ойын- сауық орталығын ашуды жоспарлап отырған жандар бар. Ауданда осындай орталықтардың жоқ болу есебінен тұр­ғындар демалыс күндері Қы­зылорда, Шымкент қалаларына қарай кетеді. Ойын-сауық орталықтары салынса балалар демалысты өзі­мізде өткізеді әрі жолға шығындалмайды. Сонымен бірге сыйымдылығы 35-40 адам құрайтын 3D кинотеатр ашуды жоспарлауда. Ал енді бірі – жаз мезгілінде саябақтарда атракцион құруды ойластыруда.
– Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Ақнұр САҒЫНТАЙ.
03 сәуір 2019 ж. 867 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031