» » » «Жобаның жастарға берері мол»

«Жобаның жастарға берері мол»

qarmaqshy-tany.kz Мемлекеттік грант Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында іске асырылып келеді. Осы жылдың жаңашылдығы жастарды несиелендіру. Жобалар жөнінде толығырақ білу үшін Қармақшы ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Орынбек Мұнарбаевпен сұқбаттастық.
– Орынбек Жұмағалиұлы, жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған несиені кімдер ала алады? Оларға қойылған шарт қандай?
– Негізінен шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Жастар қатарындағы үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттарда микрокредиттер беріледі. Бірінші, микрокредит мерзімі 5 жылға дейін (жеңілдік кезеңі 20 ай аспайды), мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі 7 жылға дейін (жеңілдік кезеңі 28 ай аспайды). Екінші, микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін. Үшінші, номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды. Төртінші, кепіл мен қамтамасыз етудің болуы шарт. Бесінші, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 3/1 аспайды. Сондай-ақ алтыншы шарт бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер. Микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескеріледі.
– Құжат қабылданған соң, неше күн ішінде шешім шығады?
– Микрокредит алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерді сенім білдірілген өкілдің яғни агенттің тексеру мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күнін құрайды. Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредиттеу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сенім білдірілген өкіл қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады. Сенім білдірілген өкіл өтініш тіркелгеннен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде барлық қажетті құжаттармен және олардың микрокредит беру талаптарына сәйкестігімен ұсынылған бизнес жобаға бағалау жүргізеді. Бизнесжобаны бағалаудан кейін сенім білдірілген өкіл 3 жұмыс күні ішінде құжаттарды және бағалау нәтижелерін конкурс комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) ұсыну үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді. Бизнес-жобаларды іріктеу өлшемшарттары өзектілік, аргументтілік, экономикалық негіздемелік, қоғамдық маңыздылық, бұрын атқарылған жұмыстардың, іс-қимыл жоспарының болуы және бизнесжобаның өміршеңдігі болып табылады. Комиссия құрамында кемінде 7 адамнан кем емес, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде аудандық (қалалық) деңгейдегі, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде аудандық (қалалық) деңгейдегі, мәслихат депутаттарының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен, ғылымибілім беру мекемелерінің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының, салалық сарапшылардың өкілдері, тұратын облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімінің шешімімен құрылады. Қаражат болған жағдайда бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы айына бір реттен кем емес өткізіледі.
– Ал несие беру туралы конкурс өтетінін кәсіпкерлер қалай біледі?
– Микрокредиттер беру мақсатында бизнесжобаларды іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады. Осы ретте айта кеткен жөн, комиссия отырысы бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі. Үміткер өзінің бизнесжобасын комиссия отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы таныстырады. Комиссияның шешімі, егер оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушылар ретінде Комиссия отырысына бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдерінің, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуына жол беріледі. Комиссия отырысы барысында байқаушылар үміткерлерге сұрақтар қоймайды, бұл ретте олар Комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, үміткерлердің дербес деректеріне қатысты мәліметтерді жария етуге жол бермейді.
– Мемлекеттік гранттың бөлінуіне, әрі қарай тиімді жұмсалуына қандай органдар жауапты?
– «Аграрлық несие корпорациясы» жастарға шағын несие беру бағдарламасы шеңберіңде сенім білдірген өкіл ретінде құжаттарды қабылдау, бизнес жобаны бағалау, несие және кепіл туралы келісімдерді дайындау, несие сомасын қарыз алушыға беру, несиенің нысаналы пайдалануын тексеру, қарыз алушымен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушыдан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру әрекеттеріне жауапты. Ал микрокредиттің нысаналы пайдаланылу мониторингін бақылауды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қол қойылған қарыз шартының талаптары бойынша сенім білдірілген өкіл арқылы жүзеге асырады.
– Мемлекеттік грантты қанша рет алуға мүмкіндік бар және оны кімдер ала алады?
– Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал. Грант көлемі 400 АЕК-ті (1380000 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Гранттар алу үшін өтініштерді қабылдау лектер бойынша жүзеге асырылады. Порталда өтініштерді қабылдау мерзімі әр лекте 10 жұмыс күнін құрайды. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін гранттар берудің бүкіл процесі электрондық форматқа ауыстырылды. Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады. Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының және Кент, барлық ауылдық округ әкімдіктерінің өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.
– Өтінім беру үшін үміткерден не талап етіледі?
– Ең бірінші үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс. Сондай-ақ, портал грант алуға ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қатысушылары болып табылатын және соңғы 12 ай ішінде дәлелді себептерсіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуды тоқтатқан адамдардың өтініштерін қабылдамайды. Өтінім беру үшін порталда тіркелу, грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту, бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу, өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет. Ал жаңа бизнес-идеяны іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткерлердің еңбек санаты тіркелген жұмыссыздар немесе жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін) болуы тиіс.
– Гранттар кімдерге және қандай мақсатта беріледі?
– Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі, оларға атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы отбасыларға және оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қонысаударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдар және оның жұбайы жатады. Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша мынадай мақсаттар үшін: қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі. Бұл ретте жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан еңбек құралдары, мүкәммал, технологиялық жабдық, жануарлар, мал, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшеттер сатып алынбайды, сондай-ақ бастапқы бизнесті іске асыруға үй-жайлар жалға алынбайды. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді. Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшем шарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру. Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты өлшем шарттары негізінде қабылданады. Комиссия грант беру туралы шешім қабылдаған кезде грант алуға кандидат тиісті хабарламаны алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Порталдағы банк деректемелері бар банк шотын ұсынады, ол "Еңбек нарығы" ААЖ-ға жіберіледі. Көрсетілген мерзімде банк шотын ұсынбаған грант алуға кандидатқа Комиссияның грант беру туралы бұрын алған шешіміне қарамастан грант берілмейді. Бұл ретте кандидат келесі лектерде грантқа қайта өтінім бере алады. Халықты жұмыспен қамту орталығы грант алушының банк деректемелері бар банк шотын алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант беру туралы шартқа қол қояды және грант алушының Порталдағы жеке кабинетіне жібереді. Грант алушы шартты алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде порталда, жеке кабинетте шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды, ол "Еңбек нарығы" ААЖ-ға жіберіледі. Егер грант алушы белгіленген мерзімде Порталдағы жеке кабинетте Шартқа қол қоймаса, онда автоматты түрде грант алмайды, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылында грант алуға одан әрі өтініш бере алмайды. Грант алушы грант алған күннен бастап 12 ай ішінде, бизнесті кеңейтуге бағытталған шараларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жіберілмейді. Бизнес жобаны іске асырудың нысаналы пайдаланылуын грант алушы Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай ішінде тоқсан сайын растайды.
– Сұқбатыңызға рақмет!
Әңгімелескен Ерсін СӘДУҰЛЫ
02 сәуір 2023 ж. 990 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 208

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 318

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930