» » » ҚАС ЖҰЛУ КҮНӘ МА?

ҚАС ЖҰЛУ КҮНӘ МА?

Бала күнімде анам бауырсақ, шелпек жеп болған соң «майлы қолмен қасыңды сүрт» деуші еді. Мұның астарында терең мәннің жатқанын білсе керек. Кейбірі қас – ақыретте сенің қорғаушың дейді. Бұл қаншалықты рас? Бүгінде қасын қылдай етіп қоятындар да бар. Татуаж деген де пайда болды. Жалпы, әйел адамға қас жұлуға бола ма? Оның үкімі қандай болмақ?
Дәрігерлердің айтуынша, қастың әр талы ми жасушасымен тығыз бай­ланы­с­­та. Ал, оның әрбірін жұлғанда ми клеткасының біреуі өледі екен. Қас адам денесінде ең алғаш пайда болар түк деседі. Сондай-ақ, ғалымдар оның бас ауруына әкеп соқтыратын зиянды тұсын да атап көрсеткен. Профессор Uvies Maskor-дің «Эмбриология» кітабында «Іштегі шарананың ең алғашқы түктері эмбриональді дамудың төртінші кезеңінде пайда болады және ең алғаш болып қас өсіп шығады» делінген. Бір қызығы ғылыммен дәлелденген қас жұлудың бас ауруына алып келетінін осыдан 1400 жыл бұрын Пайғамбарымыз айтып кеткен екен. Оның бір бір хадисінде: «Кімде-кім бетін майлағысы келсе, қасынан бастасын. Ол бас ауруының алдын алады. Қас – адам денесінде ең бірінші болып өсетін түк» дейді («Рамуз әл-Хадис»).
Шариғат бойынша қас, кірпікті жұлуға болмайды. Себебі, сырт көзге әсем көріну үшін қас жұлу дұрыс емес. Алла Елшісі өзінің бір хадисінде: «Жасанды шаш кигендер мен кигізгендер және қастарын жұлғандар мен жұлғызғандар, сондай-ақ денеге сурет салғандар мен салғызғандар Алланың лағынетіне душар болады», – деген. Десе де, «хадистегі «қас жұлмандар» деген сөз – қасты түгелімен жұлуды айтуда. Ал, түгелімен жұлмай, тек қастың жан-жағын реттеуге рұқсат. Өйткені, бұл да әйелдер үшін әшекейленудің бір түрі» дейтін ғалымдар да жоқ емес.
Әлеуметтік желілерде «қас жұлдыруға бола ма?» деген сауал көп. Жауабы да ұзын сонар. Мәселен, егер күйеуі әйеліне «қасыңды жұлмайсың ба?» деп айтатын болса, әйелі оның разылығын алу үшін қас жұлуына рұқсат етілген. Себебі, әйел күйеуінің алдында әдемі болып жүруі керек. Ендеше отағасының өтініші бойынша қасты ретке келтіру күнә емес. Бірақ бұл жерде ниет – көпшілікке емес, Құдай қосқан қосағына ғана әдемі көріну. Кей деректерде қалың, ерсі көрінген қасты тек ретке келтіруге болады дейді. Бұл қаншалықты рас?
ХІV ғасырда өмір сүрген Шафий мәзхабының беделді ғұламасы Мұхаммед ибн Шихәбуддин Ахмад әр-Рамлии өзінің «Нихаятул Мухтаж» атты шархында «Әт-Тәнмис дегеніміз – әдемілену үшін беттегі түк пен қасты алу. Егер әйелге күйеуі рұқсат етсе оның бұл әрекеті күнә емес. Өйткені, мақсат – күйеуі үшін әдемілену» деген уәжді алға тартады.
– Иә, егер күйеуінің өтініші бойынша қасты ретке келтірсе күнә болмайды. Тек мына екі мәселені ескеру керек. Бірінші – ниеті жарына әдемі көріну. Ал, екіншіден, имам ән-Нәуауи секілді кейбір ғалымдар қасты мүлде жұлуға болмайды деп қарсы фәтуа берген. Сондықтан, әйелдің қасы көзге ерсі көрінетіндей тым қалың болмаса, тақуалық тұрғыдан жұлмаған абзал. Ал, жұлған жағдайда тым жіңішкертпей, аздап ретке келтіргеннің азаттығы жоқ. Тек күйеуінің разылығы үшін ғана болуы тиіс, – дейді «Ораз ахун» мешітінің имамы Нұрболат Рахметуллаев.
P.c
Қазір қас жұлмаса «түрім ұсқынсыз көрінеді» деушілер аз емес. Әр жылы шыққан «модамен» қасын қарлығаштың құйрығындай етіп қоятындары да бар. Әлгінде айтқандай қас жұлудың салдары бас ауруына әкеп соқтырарын білдік. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қазақпыз. Сәнденудің «ақыры» сан соқтырмаса болғаны.

Айнұр Әли
11 ақпан 2019 ж. 13 484 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 006

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031