» » » Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та оқып жатқан студенттер қатысты

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та оқып жатқан студенттер қатысты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық еткен Қауіпсіздік Кеңесінің тарихи отырысына «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқып жатқан 30-ға жуық қазақстандық студент қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 

Нью-Йорк, Бостон, Филадельфия мен АҚШ-тың басқа да қалаларынан келген қазақстандық жастар оқу кестелері бойынша жоспар құрып, БҰҰ-ның аккредетациясынан өткен. Осылайша, студенттер 18 қаңтар күні «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» отырысының қатысушысы болды. Оңтүстік Калифорния (АҚШ-тың батыс жағалауындағы Лос-Анжелес қаласы) университетінің 2-курсының магистранты Мұғзар Санатұлы тарихи оқиғаның куәгері болу үшін 4 мың шақырымдық қашықтықтағы қаладан арнайы келген. «Болашақ студенттеріне БҰҰ ҚК-нің тақырыптық дебатына қатысу бойынша бірегей мүмкіндік туды. Мен мұндай дәрежедегі отырысқа бірінші рет қатысып отырмын. Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің әрбір өкілі Қазақстан туралы жылы сөйлеп, менің елімді прагматикалық және бейбітшілікке ден қойған мемлекет деп атады. Осындай отырысты тікелей көру ерекше сезімді ұялатады. Бұл шарада бүкіл ғаламдағы антиядролық қозғалысқа Қазақстан өзінің үлесін қоса білді деп есептеймін», - дейді ол. Еске сала кетсек, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде отырыстың «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» атты тақырыбын Қазақстан ұсынған болатын. Бұл ұсынысты кеңестің барлық мүшелері қолдаған. Дебат барысында жаппай қырып-жоюға арналған қаруларды таратпау жолдары талқыланды. Отырысқа Польша Президенті Анджей Дуда, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және өзгелер қатысты.

21 қаңтар 2018 ж. 1 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930